Қопа көлінің жағасындағы жол құрылысы биыл аяқталады

Бүгінгі таңда облыс орталығының көркін арттырған Қопа көлінің жағасындағы жаңа жолды салуға ұзын-ырғасы 120-дан астам адам және 60 арнайы техника қатыстырылуда. Ұзындығы 1,7 шақырымдық жаңа автожолда асфальттың үшінші қабаты төселеді, ал, қазір тротуарларға бетон жиектер, су өткізгіш науалар орнатылуда.

Осы жұмысты қолға алған «АБК-Автодор НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілдерінің айтуынша, жоба жоспарлы түрде және жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес іске асырылуда. Бұл облыс орталығының инфрақұрылымындағы маңызды жобалардың бірі, ол қаланың туристік тартымдылығын арттырады және негізгі көшелердегі автокөлік ағынының жүктемесін азайтатын болады.

Осындай маңызды тұстарына байланысты жобаны көздеген уақытында сапалы іске асыру мәселесі облыс басшылығының тұрақты бақылауында ұсталуда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар