АЭС – болашаққа нық қадам!

Қазақстан Республисы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетаулық спортшылармен, ұстаздар қауымымен және халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесіп, 6 қазанда өтетін атом электр станциясын салу бойынша референдумға қатысып, алдағы жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдаудан қалыс қалмауға шақырды.

Жекпе –жек өнері ассоциациясының спортшыларымен кездесуде сөз алған мәжіліс депутаттары АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешу деген пікір білдірді. Себебі, 2030 жылға қарай Қазақстанда қуат жетіспеушілігі сағатына 13 млрд киловаттан асуы мүмкін. Ғалымдар түйткілдің түйінін тарқату үшін атом электр станциясын салуды ұсынып отыр деген дәлелдер келтірді. Халық қалаулылары  атом электр станциясын салу арқылы экология мәселесін тиімді шешуге болатынын айтуда.  

Ал, көкшетаулық ұстаздар қауымына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айна Мысырәлімова электр энергиясын тапшылығын жоюдың  бірден бір тиімді көзі атом электр станциясын салу екендігін айтты.

Еліміз үшін атом электр станцияларының қажеттілігі, АЭС салудың артықшылықтарын, заманауи атом электр станцияларының қауіпсіздігі, олардың  жұмыс істеу принциптері және атом электр станцияларының қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы ақпаратпен Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева бөлісті.

Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығының еңбек ұжымымен жүздесуде Мәжіліс депутаттары атом электр станцияларының елге берер пайдасы, оның қазіргі уақыттағы қажеттілігі мен энергетика саласындағы кадрларды дайындау мәселесіне тоқталды. «Бүгінгі таңда Қазақстанның атом өнеркәсібінде 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 15 мыңы негізгі өндірістік персонал. Сондай-ақ ондаған жылдар бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтында көптеген мамандар жұмыс істейді»,- деп атап өтті Юлия Кучинская.

Мәжіліс депутаттары он күндік жұмыс сапары аясында Ақмола облысының тұрғындарымен кездесіп, ел игілігі үшін маңызды референдумнан қалыс қалмай, өз таңдауын жасауға шақыруда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар