Егінжай төсінде қызу еңбек

Ауданда ағымдағы жылы 337,4 мың гектар алқапта егін жинау жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінде егін алқабының 68 пайыздан астамы орылып, бастырылған.

Аудандағы бидай алқабы 312 мың, арпа 9 мың, сұлы 500 гектарды алып жатса, қалған бөлігін жасымық, майлы дақылдар, зығыр, күнбағыс, мақсары және мал азығындық шөптер құрайды.

Бүгінгі таңдағы жедел мәлімет бойынша, ауданда жалпы дәнді дақылдардың 220,5 мың гектар аумағы жиналған. Өнім түсімі гектарына орта есеппен 10,9 центнерден айналуда. Бастырылған астықтың көлемі 239,7 мың тоннадан асады. Оның ішінде, бидай өнімділігі гектарына 10,6 центнер. Жалпы түсім 223 мың тонна. Арпа әр гектардан16,6 центнер өнім беріп, 591 тонна көлемінде жиналып отыр.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мол өнім алу үшін жаз бойы агротехнологиялық шаралар кешенін жіті ұйымдастырып, алқаптарға 2,5 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыштарды енгізіп, 225,5 мың гектар алқапта арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізген еді. Бұл ретте, егін жинау науқанына 503 комбайн алынған, астықты тасымалдауға 236 автокөлік, 271 трактор қатысуда. Сонымен бірге, ауданда астық сақтайтын 84 қойма мен ангар бар. Бұлардың барлығының сыйымдылығы 226800 тонна. Оған қоса, аудан аумағында 113 мың тонна астық сақтайтын «Егіндікөл элеваторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысы қайта жанданған. Ал, келер жылдың егісіне 10,4 мың тонна тұқым құйылып, бұл жоспар 28,9 пайыз орындалған. Тұқымға қажеттілік әлі де 36 мың тоннаны құрайды. Ол қажеттілікті толық қамтамасыз етуге барлық мүмкіндік бар.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар