Тұрғындар жаңа үйлердің кілтін алды

Жарқайың ауданында «Қазақстан халқына» қорының қаражатына салынған 15 екі пәтерлі үйдің кілттерін тапсыру салтанаты өтті.

Ауданы 84 шаршы метр үйлер су басуға бейім емес аймақтардағы жер учаскелерінде тұрғызылған. Құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасын бақылау мен қадағалауды облыс әкімдігі жергілікті қоғамдық белсенділермен бірлесіп жүзеге асырды.

Барлық үйлер абаттандырылып, электр қуаты, су және кәріз жүйесіне қосылды.

–Жарқайың ауданында пәтер сатып алу есебінен 33 отбасы жаңа пәтерлерге қоныс аударды. Сонымен қатар, таяу күндері жаңадан салынған 15 екі пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды.  30 отбасына арналған бұл пәтерлер кең, жарық және ең бастысы, жылы, – деді облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов.

Осылайша, ауданда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар