АЭС құрылысына төрт ел инвестор болуға дайын

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елде энергия тапшылығының артуына байланысты АЭС салу қажеттілігін айтқан-ды.

Қазіргі кезде жұртшылық осы мәселені қызу талқылауда. Жер-жерлерде тұрғындармен жиындар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізілуде. Ал, осыған қатысты жалпыхалықтық референдум қазан айының 6-шы жұлдызына  белгіленген.

Бүгін, яғни, қыркүйек айының 26-сы күні Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Григорьевна Дементьева Целиноград ауданының бірқатар елді мекендерінде болып, тұрғындармен кездесті.

Атап айтқанда, Талапкер ауылының мектеп-гимназиясы мен жалпы орта білім беретін мектептерінде және Қажымұқан ауылының білім ордасында жұртшылықпен пікір алмасу-сұхбаты өткізілді.

Жиын барысында депутат көмір, электр қуатының тапшылығы жайында сөз қозғап, елімізде АЭС құрылысының маңыздылығын, оның бізге, болашақ ұрпаққа ауадай қажет екендігі атап өтті.

АЭС құрылысы Балхаш көлінің бойындағы Үлкен елді мекенінің жанынан салынбақ. Бүгіндері осы ауқымды жобаны іске асыру үшін төрт ел инвестор болуға дайын. Олар – Қытай, Франция, Оңтүстік Корея мен Ресей мемлекеттері.

Депутат өз сөзінде жалпы алғанда қоғамдастықтың бұл бастаманы қолдап отырғандығын жеткізді. Ғалымдардың ақпараттарына жүгінсек, электр қуаты көмір станцияларында өндіріледі. Бірақ, олардың 70 пайызының тозығы жеткен. Ал, елімізде энергия көзін тұтыну жыл сайын 3 пайызға артуда. Сондықтан, Қазақстанға электр энергиясын шекаралас елдерден сатып алуға тура келіп отыр.

Наталья Григорьевна алдағы өтетін референдумға байыппен қарап, дұрыс таңдау жасау керектігін айтты.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар