Елді өздерімен бірге ойлаған

Елімізде соңғы жылдары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі артып, көптеген ірі компаниялар елді мекендердегі бірқатармаңызды нысандардың құрылысын өз мойындарына алып, халық көңілінен шығатын істерді атқаруда. Сондай әлеуметтік жауапкершілігі жоғары компаниялардың бірі – «АБС Жаркөл» серіктестігі.

Жарқайың ауданына қарасты Шойындыкөл кентінің аумағында орналасқан бұл «АБС Жаркөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осыдан жиырма шақты жыл бұрын дәнді және бұршақты дақылдарды өсіру, мал шаруашылығымен айналысу мақсатында құрылған. Бұдан басқа, қазіргі уақытта шаруашылық тұқым өсіруді де қолға алып, ірі қара, жылқы, қой, ешкі, шошқа, балықшаруашылықтарын да кәсіп етуде. Осыншама шаруаны атқаруға 160-тан астам адам жұмылдырылып, еңбек етуде. Компания қызметкерлерінің айтуынша, мұндағы жұмысшылардың орташа еңбекақысы 300 мың теңгені құрайды.

Жалпы, аталмыш серіктестіктің қарамағында 47 мың гектар жер бар екен. Оның 26 мың гектары дәнді-дақылдар егу мақсатында пайдаланылса, 21 мың гектары мал жайылымдары. Серіктестіктің биылғы егіс алқабы 25 мың гектарды құрайды.

–Серіктестіктің техникалық базасы қажетті құрал-жабдықтармен, техникамен қамтылған. Бізде 25 трактор, 29 комбайн, 2 егістік кешені, 10 самосвал КамАз және бір-бірден экскаватор, бульдозерпогрузчик бар, – дейді компанияның қызметкерлері.

Жарқайың ауданының құрметті азаматы болып табылатынсеріктестік құрылтайшысы Борис Лузин бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында  2021 жылы Шойындыкөлде жалпы ауданы 200 шаршы метрді құрайтын 2 екі пәтерлі үй салып берсе, 2023 жылы тағы осындай 2 үйдің құрылысын қолға алған. Сонымен бірге, ол Шойындыкөл ауылында Интернет байланысын орнатуға жағдай жасап, елді мекен тұрғындарын тағы бір қуантқан. Балалар мен жасөспірім  жастардың бос уақытын өткізуге арналған ойын алаңы мен футбол алаңын салып берген.

Сондай-ақ. Борис Степанович басқарып отырған компания қайырымдылық шараларынан ешқашан шет қалмай, белсенді қатысып келеді. Жергілікті білім ошағын азық-түлікпен қамтып отырғанын айтпағанда, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созудан тайсалмайды. Аудан, ауыл спортшылары мен егде адамдарына үнемі қолдау білдіріп, алдына келген адамына көмек көрсетуден аянып қалмайды. Ауылдағы мектептің шатырын жөндеу жұмыстарын өз мойнына алып, оқушыларын ыстық тамақпен қамтып отыр.

Серіктестіктің өндірістік алаңдарына тоқталсақ, бірнеше бидай сақтау қоймасы, бордақылау алаңы, машина-трактор шеберханасы, асхана, жатақханасы мен моншасы, жеке кеңсесі бар.

Жалпы, компанияның құрылтайшысы Борис Степанович Лузин «ABC Group»компаниялар тобының жалғыз құрылтайшысы. Ал, бұл компанияның құрамына жер қойнауы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өзінің зертханасы бар «Реактив» ғылыми-өндірістік орталығы секілді ірілі-ұсақты он кәсіпорын кіреді.

Қарлығаш САТКЕН.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар