Қоршаған ортаның қадірін ұғындырды

Жуырда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы Бабатай станциясындада жалғасын тапты. Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, жастар ұйымдарының жетекшілері, азаматтық сектор өкілдері, сондай-ақ еріктілер, «Жасыл Ел» жасақтарының мүшелері, барлығы 250 адам қатысты. Осы ұйымшылдықтың өзі-ақ жаз бойы өткізіліп келе жатқан акция маңызын айқын аңғартқандай.

Шараның негізгі мақсаты «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде қала, ауыл тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу екендігін бәріміз де білуге тиіспіз. Бұл ретте, Бабатайдағы акция жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күніне арналды. Акцияға қатысушылар аталмыш іс-шара арқылы азаматтардың еңбекқорлығы, өз туған жерінежанашырлықтарының арқасында еліміздің дами түсетінін көрсетті. Бұл жолы аудан тұрғындары Бабатай станциясының іші-сыртын, облыстық маңызы бар «Бабатай-Сарыоба» автожолының аумағын қоқыстан арылтып, 50-ден аса ағаш көшеттерін отырғызды.

– Ақмолалықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жобасын қызу қолдайды. Бұл жоба бізді табиғатқа, елді мекеніміз, өз үйімізге ұқыпты қарауға үндейді. Осы іс-шараларға белсене қатысу біздің қоғамға экологияны сақтауға, табиғатты қорғауға көмектеседі. Қоршаған ортаға осылайша ұқыпты көзбен қарау әрқайсымыздың өзімізден басталуы керек, – дейді белсенді жастардың бірі Нариман Меңдібаев.

Сонымен осы акция барысында жергілікті атқарушы органдар, коммуналдықшаруашылық қызметтері мен түрлі ұйымдар өкілдерінің, белсенділер мен тұрғындардың бірлескен күш-жігерімен станция аумағынан жалпы көлемі 16 текше метр қоқыс шығарылды.

Айта кетейік, жоба басталғаннан бері облыс бойынша 600 мыңға жуық адамның қатысуымен 500-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді.

Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар