Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазан айында қандай ауа райы күтіп тұр - АРҚА АЖАРЫ

Қазан айында қандай ауа райы күтіп тұр

Қазақстанда қазан айында ауа райы құбылып, елдің бірқатар өңірлерінде қыс келіп, өзге өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, күн бұзыла бастайды. Қазгидромет осы айға ауа райы болжамын жария етті.

Қазан айы – күздің ортасы, қыс алдындағы кезеңге өту уақыты.

Метеорологтардың ақпаратына сүйенсек, айдың бірінші онкүндігінде елдің көп бөлігінде атмосфералық фронттар ауысқандықтан жаңбыр жауып, секундына 15-25 метрге дейін жел күшейеді. Солтүстік-шығыста, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта қар аралас жаңбыр жауады. Кей күндері антициклонның әсерінен жауын-шашын тоқтауы мүмкін. Бірінші онкүндіктің соңында республика бойынша қайтадан жылы ауа райы орнайды, солтүстік бөлігінде ауа температурасы +10+18°С-қа дейін, ал оңтүстік және батыс бөлігінде +20+28°С-қа дейін жылынады.

Айдың бірінші онкүндігінде республиканың көп бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр, секундына 15-25 метрге дейін желдің күшеюі болжануда. Еліміздің солтүстік жартысында, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр қар аралас жаңбырға ауысуы мүмкін. Кей күндері антициклонның әсерімен жауын-шашынның тоқтауы болжанады.

Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Республиканың батысында түнде +3+12°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +18+27°С-тан +13+22°С-қа дейін; солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста түнде 0,+8°С-тан -1-6°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +5+13°С-қа дейін.

Елдің қалған аумағында ауа температурасының ауытқуы болжануда: оңтүстік-батыста, оңтүстікте түнде +10+18°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +23+28°С-тан +20+25°С-қа дейін; оңтүстік-шығыста түнде +5+13°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +15+20°С-қа дейін.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде елдің солтүстік жартысында барикалық құрылымдардың жиі алмасуымен ауа райы тұрақсыз болады деп болжануда –  жаңбыр, қар аралас жаңбыр, екпінді жел, көктайғақ және тұман күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, дегенмен фронттардың күшеюіне байланысты кей күндері жауын-шашын көбінесе жаңбыр түрінде күтіледі.

Дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар