Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Таза ауыз су туралы қатты әңгіме - АРҚА АЖАРЫ

Таза ауыз су туралы қатты әңгіме

Бүгінде аймағымыздың бас шаһары саналатын Көкшетау қаласында атқарылатын жұмыстар аз емес. Осыған орай, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыс орталығын аралау барысында бірқатар әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты.

Оның барысында қаланың тазалығынан бастап, көркейтіп, абаттандыру, тұрғындарды таза ауыз сумен жабдықтау жұмыстарына баса назар аударылды. Осы күзде Қопа көлінің жағалауына орман шаруашылығы қызметкерлері және басқа да жұмыс күшімен 400-ге жуық көшет, басқа да 1500 екпе ағаштаротырғызылды. Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инженері Кенжебек Есімовтің айтуынша, олардың ішінде қарағай, терек, үйеңкі, долана, тал және басқа да ағаш түрлері бар.

–Ағаш отырғызу – бұл жай ғана көгалдандыру емес, біздің ортақ болашағымызға қосқан үлесіміз. Осы жердегіеккен ағаш өсетін болуы керек. Ол үшін нақты күтімін жасау қажет. Өйткені, былтыр еккен ағаштарөспей қалған. Ондай жалған көрсеткіштің ешкімге де керегі жоқ, – деп Марат Ахметжанов күтілетін нақты нәтижені қадай айтты.

Әрі қарай, облыс әкімі Қопа көлінің оң жағалауынан Кенесары көшесіне дейінгі аралықта салынып жатқан жол құрылысыныңжай-жапсарымен танысты. Жоба жетекшісі Азамат Бірсейітов атқарылған жұмыстарды баяндап, жол бойына асфальт төсеу жұмыстарының аяқталуға жақын екенін жеткізді. Қазіргі уақытта жарамсыз топырақты игеру, жол жиегінен көл жағалауы аралығына қиыршық тастан және грустадан жасалған іргетас орнату бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жолдың жалпы ұзындығы 2 шақырымға жуықтайды. Жоспар толық жүзеге асырылса, бұл араға да әртүрлі жол желілерімен бірге, көркем саябақ салынуы мүмкін.

Сондай-ақ, аймақ басшысы «Көкше Тазалық» және «Зерен Плюс-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің базасындағы коммуналдық техниканың, инертті материалдың, қосалқы бөлшектер мен аспалы техниканың дайындығын тексерді. Бәріміз білетіндей, өткен жылы қыс бойы толассыз жауған қар Көкшетау тұрғындарын біраз қиындықтарға душар етті. Оған басты себеп, қала көшелеріндегі қардың толық тазартылмауы. Оған қоса, жұмысшылар мен техниканың жетіспеушілігі қар шығару жұмыстарын да кешеуілдеткен болатын. Сондықтан, биыл осыған дайындық жұмыстары ерте басталуда. Облыс орталығындағы қар тазалау жұмыстарына 116 техника, 200-ден астам адам жұмылдырылмақшы. Олардың мойындарында қаланың 55 учаскесіндегі көшелер мен алаңдарды күтіп ұстау міндеті тұр. Өз кезегінде облыс әкімі Марат Ахметжанов «Көкше Тазалық» серіктестігінің директоры Олег Топорков пен «Зерен Плюс-2006»серіктестігінің директоры Тимур Жарасбаевқа аталған жұмыстарды тыңғылықты атқару жөнінде тапсырмалар берді.

Сонымен бірге, Көкшетау қаласы тұрғындарын таза ауыз сумен қамту мәселесі көп жылға созылып келеді. 1970 жылы қолданысқа берілген су тазарту қондырғыларының тозығы жетіп, соның салдарынан ауыз судың сапасы нашарлап кетті. Қала тұрғындарының суды шағын филтрлерден сатып алып ішетіні айтпасақта түсінікті. Осы мәселені шешу үшін кезінде құрылыс жұмыстары басталған. «Көкшетау су арнасы» құрылымындағы су тазарту қондырғысын қайта құру жұмыстары 2019 жылдан бері жалғасып келеді. Жыл сайын түзетуге жіберіле берген жобаның кесірінен тұрғындар 5 жылға жуық уақыт бойы таза ауыз суды асыға күтуде.

Аталған жобаның жалпы құны 7,4 миллиард теңге. Мердігер ұйым «Caspian Contractors Trust» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. Бұл ретте, жағдайды жоба жетекшісі Қуаныш Өтегенов баяндады. Қазіргі уақытта қазандық,электролиз зауыты, екі өндірістік су ыдысының құрылысы аяқталған. Қалған биологиялық тазарту құрылыстарының аяқталу көрсеткіші 85 пайызды құрайды, зертханалар 75, учаскелік желілер 65, қысым коллекторлары 45, абаттандыру жұмыстары 15 пайызға орындалған деңгейде.Өндірісте қырық бір адам және сегіз техника жұмыс істейді.14 дана көлемінде флокуляциялық цистерналар, тұндырғыштар және суды тұндырғыштар дайындалған. Оның ішінде 6 резервуар учаскеге жеткізілсе, қалғанын осы айдың соңына дейін жеткізу жоспарлануда.

– Жобаны екі-үш рет өзгерттіңіздер. Бірінші Португалиядан келетін болды. Сосын, Арабиядан. Ендігі жылға созбаймыз. Қаржыландыру көзі толық бар. Бұл жобаның өзі жыр боп кетті ғой. Бәрі түзетулердің созбалаңқыға салынғанының салдары. Түзету жасайсыздар, тағы ақша сұрайсыздар. Биыл аяқталмаса, онда жауап бересіздер. Енді ешқандай түзету болмайды. Керек болса, өз қаражаттарыңызға саласыздар. Қайткенде де биыл бітіріп, халықты таза сумен қамтамасыз етесіздер. Талап осы. Ешқандай шегіну жоқ. 3 желтоқсанда мен есеп беремін. Оған дейін іске қосылатын болсын. Су мәселесі көкшетаулықтар үшін ең өзекті мәселе. Егер 3 желтоқсанда дайын болмаса, мен шара қолданамын. Осыны естен шығармай, соған жұмылыңыздар, – деп сөзін түйіндеген облыс әкімі мердігерлік ұйым басшыларымен өзінің кеңесшілеріне жұмысты қатаң қадағалауды тапсырып, жыл соңында көкшетаулықтар таза ауыз сумен қамтамасыз етілетінін ескертті.

Айта кетейік, өнімділігі тәулігіне 30 мың текше метрді құрайтын су тазалау қондырғысы қараша айында сараптамадан өтпекші. Осылайша, жыл соңында облыс орталығы таза ауыз сумен қамтылып, тұрғындардың көптен күткен армандары орындалады деген үміт бар.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар