Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қарашада ауа райы қандай болады? - АРҚА АЖАРЫ

Қарашада ауа райы қандай болады?

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, қарашада бір ай бойы қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтілетіні болжанған.

Аязды ауа райы айдың екінші жартысына болжанады. Суық ауа массалары енген кезде термометрлердің бағандары ең суық күндерде төмендейді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта -15-24°С дейін, күндіз -7-12°С дейін, батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде -3-15°С дейін, күндіз 0,-7°С дейін.

Суық күндердің орнына Орта Азия мен Жерорта теңізінен жылы ауа массаларының келуі әсерінен күндіз жылынады. Еліміздің көп бөлігінде +3+8°С дейін, оңтүстік жартысында +8+15°С дейін.

Жалпы, қарашада ауа температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында, қиыр батыста – 1° нормадан жоғары, елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – 1° нормадан төмен болады деп күтілуде. Олар Түркістан, Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан, Абай облысында, Жамбыл және Алматы облыстарының оңтүстігінде байқалады.

Қараша айында жауын-шашын мөлшері Қазақстан аумағының басым бөлігінде, яғни, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Атырау және Ақтөбе облыстарының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының шығысында, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының қиыр солтүстігінде норма шамасында. Ал, елдің оңтүстік жартысында және Қарағанды мен Ұлытау облысының қиыр оңтүстігінде және солтүстік-батыс пен солтүстік-шығыс жартысында нормадан көп, елдің оңтүстік өңірлерінде – нормадан аз болуы болжанады.

Дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар