Облыс орталығы Көкшетау қаласында сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында бірқатар жобалар іске асырылып жатыр. Соның бірі – жер асты суларының қосалқы кен орнында ескі резервуарлар қайта жөнделуде.
Мердігерлік ұйым – «ВТК СтройМонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жылғы тамыздан бастап жалпы сыйымдылығы 600 текше метр болатын екі жаңа су сақтайтын резервуар салуды іске асыруда. Бұл екі жаңа резервуардың құрылысы жинақталған су көлемін едәуір арттыруға, тіпті жоғары тұтыну кезеңінде де қала тұрғындарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұған қоса, қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту шеңберінде көлемі 500 текше метр ескі резервуар қайта жаңартылатын болады. Бұл оның қызмет ету мерзімін ұзартуға және суды сақтау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жобаның маңызды тұсы жер асты суларының қосалқы кен орнында үш жаңа ұңғыманы бұрғылау болып табылады. Жаңа ұңғымалар жүйеге қосымша су ағынын қамтамасыз етеді, бұл әсіресе, қаланың ауыз суға деген қажеттілігінің артуы жағдайында маңызды болып келеді.
– Бұл жұмыстарды іске асырғаннан кейін қала тиімдірек және сумен жабдықтау жүйесіне ие болады. Бұл инфрақұрылымның ықтимал төтенше жағдайларға төзімділігін арттырады және тұтынушыларға қолжетімді су көлемін қамтамасыз етеді, – дейді «Көкшетау Су Арнасы» кәсіпорнының бас директоры Ю.Шенгальц.
Жалпы, бұл жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.