Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жарқын болашаққа – жалынды жастармен - АРҚА АЖАРЫ

Жарқын болашаққа – жалынды жастармен

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Жалынды Ақмола жастары» облыстық форумында сөз сөйлеп, салтанатты жағдайда түрлі байқаулар мен сайыстардың жеңімпаздарын марапаттады.

Жастар саясаты өңірдің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі. Қазіргі таңда Ақмола облысында 210 мыңнан астам жас тұрады. Оның 118 мыңнан астамы қала, 91 мыңнан астамы ауыл жастары.Жалпы,облыс бойынша 300 мыңға жуық адамды қамтитын 2,5 мың шара өткізілген. Жастарды жұмысқа орналастыру бойынша 111 мыңнан астам адамға ақыл-кеңес беріліп, 6170 жас тұрақты жұмыспен қамтылған. «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы бойынша 2 мыңнан астам адам жұмысқа орналасыпты. Ақмола облысының жастар ресурстық орталығыаталмыш жоба бойынша жастар арасында 50-ге жуық психологиялық тренингтер ұйымдастырған.Сонымен бірге, облыста 3 мыңнан астам жас волонтер белсенді жұмыс істеуде. Жалпы есепті кезең барысында волонтерлердің ұйымдастыруымен 1282 іс-шара өткізілсе, азық-түлік жиынтығын тарату бойынша 1347 отбасына демеушілік көрсетілген. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясына 500 мыңға жуық адам қатысып, облыстың 550-ден астам елді мекені қамтылған, сөйтіп, 80 мың тонна қоқыс шығарылған. Жастардың атсалысуымен өңірде 1 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды.

«Мен жас ұрпақтың жасампаздық қуатына сенемін. Өздеріңіз сияқты саналы ұл-қыздары бар Қазақстан өркениет көшінің басында болары сөзсіз», – деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткеніндей, облыс жастары қай салада болмасын, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолына өздерінің елеулі үлестерін қосып, ғылым мен білім жолында да бірқатар жетістерге жетуде, түрлі республикалық, халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғауда.Биылғы жастар форумының бір ерекшелігі – мұнда жұмысшы мамандықтарын меңгерген жастарға баса назар аударылды. Мұндағы басты себеп – келесі 2025 жылды Мемлекет басшысы Жұмысшы мамандықтары жылы деп белгілеуінде.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығын атап өткен болатын. Осы орайда, форумның салтанатты ашылуынан соң, еңбекқорлық пен кәсібиліктің үлгісі ретінде Біржан сал ауданының Бірсуат ауылдық округінің ветеринарлық стансасының меңгерушісі Уәлихан Сыздықов, «ЕНКИ» кірпіш зауытының зертхана меңгерушісі Ольга Лобанова сөз сөйледі.

–Мен 2017 жылдан бастап Бірсуат ауылдық округінде мал дәрігері болып жұмыс істеймін. Ата-анам да осы салада талай жылдардан беріеңбек етіп келеді. Бала кезден соны көріп өсіп, жануарларға деген қамқорлық пен жанашырлықты бойыма сіңірдім, ол менің осы мамандыққа келуіме бірден-бір себеп болды, әрі ата-анамның еңбек жолын жалғағым келді. Қазір ауылдағы барлық жан-жануардың  денсаулығын қадағалау біздің мойнымызда. Дәрігерлер адамды емдесе, бізмал дәрігерлері адамзатты емдейміз. Бұл мамандықтың иесі атанғаным үшін еш өкінбеймін. Сондықтан, өзімнің қатарластарыма, соңымыздан ерген жас буынға айтарым, өмірде алдарыңызға бір мақсат қойып, өз жүректеріңіз қалаған мамандыққа барыңыздар. Қандай қиыншылық пен ауыртпалықтар кездессе де, өз кәсіптеріңізді сүйіңіздер, қарапайым жұмысшы болудан қорықпаңыздар, –деді Уәлихан Сыздықов өз сөзінде.

Бүгінгі таңда «Адал еңбек – Адал азамат – Адал табыс» бағытында қоғамдық құндылықтарды жаңғырту үшін мемлекет тарапынан маңызды қадамдар жасалуда.Ал, адал азаматты тәрбиелейтін – ата-аналар мен ұстаздар. Бұл ретте, Степногорск қаласына қарасты Қарабұлақ ауылдық орта мектебінің мұғалімі Есенбол Еркінбекұлы да сөз алды. Ол өз кезегінде ұстаз деген мәртебелі мамандықтың мән-маңызына тоқталып, ауылдық жерде жұмыс істеудің тиімділігі мен пайдасына назар аударды.

–2011 жылы Қарабұлақ ауылында «Дипломмен–ауылға!» бағдарламасы бойынша математика мұғалімі болып еңбек жолымды бастадым. Бағдарлама арқасында бір жолғы көтермеақы мен жеңілдетілген несиемен баспана алдым. Мемлекеттің жастарды осылай қолдауы менің өміріме үлкен серпін берді. Осы ауылға туған жерім – Павлодар облысынан ата-анамды да көшіріп әкелдім, үйлендім. Сөйтіп, бәріміз үлкен отбасына айналдық. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында қолымнан келгенше еңбек етудемін, –дей келе, ол жастарды ауылдық аймақтарға барып жұмыс істеуге шақырды.

Форумда жастар отбасы құндылықтарын насихаттап, оның берік негізін қалаудың мән-маңызы,еңбек адамының мәртебесі, жұмысшы мамандығына оқып жатқан жастардың болашағы туралы өзекті мәселелерді көтеріп, қатарластарына өз тәжірибелерін ортаға салды.

Облысымызда жыл сайын дәстүрлі облыстық «JAS AQMOLA» жастар сыйлығы иегерлерін анықтау мақсатында дәстүрлі байқау  өткізіліп келеді. Биыл оған 105 өтінім келіп түсіпті. Форумда белгілі тұлғалар мен қоғам қайраткерлері, облыстың құрметті азаматтары 13 аталым бойынша жастарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті. Бұл байқауға 2010 жылдан бері 1500-ден асажас қатысып, 200-ге жуығы аталмыш сыйлық иегері атаныпты. Жалпы, байқаудың мақсаты жұмыс істейтін, студент және оқушы жастардың Қазақстан Республикасының жастар қозғалысын дамытуға және ынталандыруға қызығушылығын арттыру, дарынды және белсенді жастардың еңбегін ерекше бағалау болып табылады. Аталымдардың бір-екеуіне тоқталсақ, биыл байқаудың «Үздік жас ғалым»аталымынҚосшы қалалық мектеп-гимназиясының мұғалімі,халықаралық басылымдарда жарық көрген ғылыми мақалалардың авторы Асель Стрелкова иеленді, ал,«Жылдың жас дәрігері»аталымына Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасының акушер-гинекологы Нұрлан Жұматаев ие болды, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысыАнастасия Кравченко «Жылдың жас мұғалімі» атанды, сол сияқты, «ENKI» серіктестігінің лабораториямеңгерушісі, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысушы Ольга Лобанова «Жұмысшы мамандығының үздігі» аталымының иегері болып танылды.

–Құрметті жастар, сіздер әрқайсыларыңыз өңіріміздің болашағысыздар. Біз сіздердің бастамаларыңызды, жобаларыңызды және идеяларыңызды қолдауға дайынбыз. Сіздер қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші бола аласыздар. Мемлекет басшысы келесі 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялап, еңбекқор жастарды қолдау қажеттігін атап өтті. Жұмысшы мамандықтары – қазіргі қоғамның іргетасы. Біздің басты міндетіміз – кәсіби өсу мен дамуға жағдай жасау. Адал әрі тағылымды еңбекпен табысқа жеткен адамдар қашан да құрметке лайық. Бұл «Адал еңбек – Адал азамат – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбек пен кәсібилік жоғары бағалануы тиіс, – дей келе, облыс әкімі Марат Ахметжанов өз ойларын ортаға салған жастардың жүрек түкпірінен шыққан сөздеріне ризашылығын білдіріп, талантты да талапты, өз жұмысына адал азаматтардың еңбегі әрқашан бағалы екендігіне назар аударды. Сонымен бірге, облыстың дарынды, ғылым мен ізденіс жолында, спорт, мәдениет, білім салаларында белсенді еңбек етіп, түрлі жарыстарда ақмолалықтар намысын жоғары ұстап жүрген жерлестеріміздің есімдерін атап көрсетіп, ауылдық жерлерде жұмыс істеп келе жатқан жастардың жетістіктерін үлгі етті.

Бұдан әрі іс-шара «Aqmola Power» инновациялық жобалар конкурсы, «ECO AQMOLA» экологиялық идеялар мен волонтерлік жобалар байқауы жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты. Сондай-ақ, «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығының номинанттарына да марапаттар табысталды. Форум соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар