Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің оң бейнесін қалыптастыру мен нығайту мемлекеттік жүйені дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесіне қойылатын негізгі талаптар «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде анықталған, онда, «мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды», деп көрсетілген.
Ол мемлекеттік органдарға қоғамның сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынаста жоғары мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз қылықтарының алдын алуға бағытталған.
Департаменттің міндеттері мемлекеттік саясатты іске асыру және техникалық реттеу саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, зергерлік бұйымдар мен басқа да бұйымдардың сәйкестігін бағалау және өткізу саласында аккредиттеу салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
2024 жылдың өткен кезеңінде Департаментпен 321 тексеру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде: субъектіге (объектіге) бармай-ақ 206 профилактикалық бақылау және қадағалау, 11 жоспардан тыс тексеру, 61 бірлескен тексеру. 264 жағдайда бұзушылықтар анықталды, 26 455 026 теңге сомасына айыппұл салынды, 25 007 762 теңге орындалды.
Департамент қызметкерлерінің Әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлау үшін сенім телефоны жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой, сондықтан кәсіби тәжірибемен қатар, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болуы өте маңызды. Әсіресе, қазіргідей жаңа ақпараттық технологиялар жағдайында және БАҚ-тардың бостандығында. Мемлекеттік қызметші атанудан үміткер адамдар халықтың алдындағы жауапкершілік жүгін анық сезінуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін арттыру керек.
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіндегі талаптарды сақтауы олардың қызметтік парызы болып табылады, ал бұзуы – ҚР заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке әкеліп соғады.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
техникалық реттеу және метрология Комитетінің Ақмола облысы бойынша
департаментінің басшысы Н. Хабиев