Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоршаған орта тазалығын сақтау – ортақ парызымыз - АРҚА АЖАРЫ

Қоршаған орта тазалығын сақтау – ортақ парызымыз

Таза Қазақстан

Еліміздің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және басқару – мемлекетіміздің тұрақты дамуының негізі. Экожүйенің тұрақтылығы ең бастысы, халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан, елімізде қоршаған ортаны қорғау, табиғатты ұтымды игеру және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басым бағыттардың бірі.

Бей-берекет қоқыс орындары –  Қазақстандағы басты экологиялық проблемалардың бірі. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша 2022 жылы Қазақстанда 5 683 осындай қоқыс орны тіркелген. Бір құптарлығы, бүгінгі күнге дейін оның 62 пайызы жойылды.

Елімізде қоқыс орындарының мониторингі ғарыштан жүзеге асырылады. «Қазақстан ғарыш сапары» акционерлік қоғамының мамандары 50 шақырым  радиуста ірі қалалардың айналасын қамтиды және спутниктерден жерге ақпарат береді.

Өткір тұрған және шешімін таппаған экологиялық мәселелердің бірі – Целиноград ауданы аумағында да рұқсат етілген қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру орнының болмауы. Жыл басынан бастап Астана іргесіндегі осы ауданның аумағында 166 стихиялық заңсыз қоқыс орындары тіркелген. Жергілікті басқару органдары тарапынан оның 28-і немесе 16 пайызы жойылды. Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдары коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге міндетті. Осыған байланысты, 2023 жылы қалдықтарды қадағалау және жою тұрғысында жеткілікті деңгейде жұмыс жүргізбеген жергілікті атқарушы орган – Целиноград ауданы әкімінің аппараты Ақмола облысы бойынша экология департаменті тарапынан әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Департамент тарапынан жүргізілген талдауларға сәйкес, стихиялық қоқыс орындары негізінен, осы ауданның Астана агломерациясына жақын Қоянды, Талапкер, Қызылсуат, Қараөткел ауылдық округтері аумақтарында анықталған.

Мәселен, Рақымжан Қошқарбаев ауылының жанында анықталған осындай 14 нүктенің 5-еуі жойылды, Қабанбай батыр ауылдық округі аумағында 7 нүкте анықталған, алайда, оның бір нүктесі нақтыланбады. Жарлыкөл ауылдық округінде 9 нүкте анықталған. Қоянды ауылы аумағында 18 нүкте анықталса, оның 12 нүктесі жеке аумақтарда орналасқан. Қазіргі уақытта 3 нүкте жойылды, жойылмаған нүктелер саны –15. Шұбар ауылдық округінде 15 нүкте анықталып, қазіргі уақытта оның 10-ы жойылды. Қараөткел ауылы аумағында 16 нүкте анықталса, оның 5-еуі жеке аумақтарда орналасқан. Соның ішінен 2 нүкте жойылды, енді жойылмаған 9 нүкте қалып отыр. Қаражар ауылы аумағында 23 нүкте анықталды, оның бесеуі жеке тұрғын үй құрылысына берілген аумақтар. Бұларда негізінен, құрылыс қалдықтары шоғырланған. Қазіргі таңда 3 қоқыс орны тазартылды. Солай бола тұра, әлі де, тазартылмаған 15 қоқыс орны қалып отыр.

Жеке тұрғын үйлер немесе заңды тұлғалар аумағында орналасқан қоқыс орындарын жою бойынша да жергілікті атқару органдары тарапынан ескертпелер жолдануда. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар департамент мамандары тарапынан бақылауда ұсталып отыр.

Целиноград ауданының экологиялық мәселелерін шешу бойынша жол картасында 2022-2024 жылдар аралығында қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру полигонын салу Софиевка және Қабанбай батыр ауылдарында жоспарланған. Ақмола облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасы бойынша 2021-2025 жылдары Қоянды ауылы аралығында жобалық қуаты жылына 30 000 тоннаны құрайтын тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын, сондай-ақ, аудан аумағында қоқыс жағу және сұрыптау зауытын салу жоспарланған. Бұл құрылыстардың жобаланған мерзімі де аяқталып қалғанымен немесе соған жақын тұрғанымен, әлі де проблемалар баршылық.

Аудан аумағында қалдықтарды заңсыз орналастыру бойынша департамент тарапынан 2023 жылы бір лауазымды тұлғаға, екі заңды  және он бір жеке тұлғаға қатысты ӘҚБт Кодекстің 324 және 344-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ал, 2024 жылы және бір лауазымды тұлға мен екі жеке тұлғаға қатысты осындай әкімшілік істер қарастырылды. Жыл басынан бері де қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру бойынша тиісті заңнаманы бұзған 3 заңды тұлғаға қатысты жоспардан тыс тексерістер жүргізілді.

Сонымен бірге, ауданның мемлекеттік экологиялық инспекторының, яғни, біздің тарапымыздан ағымдағы жылы космотүсірілімдер нәтижесінде анықталған қоқыс нүктелерін нақтылау барысында селолық округтерге шығу жұмыстары жүргізілді. Оның барысында жеке аумақтарда орналасқан қоқыс иелерімен, ауылдық округ әкімдіктері қызметкерлерімен анықталған қоқыс орындарын жою және алдағы уақытта сондай жаңа орындардың пайда болуына жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы арада айта кетсек, бұл жұмыс жергілікті атқару органдарымен бірлесе алдағы уақытта да одан әрі жалғасатын болады.

1970 жылы белгілі биолог әрі эколог Барри Коммонер  қарапайым афоризмдер түрінде экологияның төрт ережесін ұсынды. Коммонердің екінші ережесінде «Сақталу заңы – материя жойылмайды, жоқтан бар пайда болмайды, ол бір түрден екіншісіне өтеді» делінген. Бұл материяның сақталуының негізгі заңынан туындайды. Табиғатта табиғи түрде жойылуы мүмкін заттар ғана  синтезделеді, яғни, кез-келген антропогендік ластану, оның ішінде ыдырамайтын қалдықтарды экожүйеде орналастыру адамға қайта оралады. Коммонердің шығарған соңғы қағидасы табиғатты ақылға қонымды пайдалану заңына негізделген және «ештеңе бекер берілмейді» немесе «бәрі үшін төлеуге тура келеді» дегенді меңзейді.

Расында, табиғат эволюциялық дамуы барысында «жиналған нәрсе жойылады» принципін сақтап келді, демек, ол жүйеге жойылмайтын, табиғи ыдырамайтын қалдықтарды енгізу арқылы адамзат өзінің болашағына қауіп төндіретінін ұмытпауы қажет. Осы қағида біздерді, қазақстандықтарды, әсіресе, тиісті орындарды қоршаған ортаны тұрмыстық қатты қалдықтармен бей-берекет ластамауға, қайта оны осындай кері жағдайлардан барынша қорғауға мүдделі етуі тиіс.

Айқын НҰРАХМЕТ,
Ақмола облыстық экология департаментінің
Целиноград, Аршалы  аудандары бойынша
мемлекеттік экологиялық инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар