Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмысыңның нәтижесін қыс түскенде білерсің... - АРҚА АЖАРЫ

Жұмысыңның нәтижесін қыс түскенде білерсің…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына биылғы жаңа Жолдауында энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударғаны белгілі. Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру қоғамдағы өте өзекті мәселе екендігі айтпаса да түсінікті. 

Ел Президентінің айтуы бойынша келесі жылдан бастап энергетика және коммуналдық шаруашылық саласынанақты ережелер енгізіледі. «Көп тұтынсаң – көп төлейсің» қағидатын басшылыққа алатын боламыз. Десе де, тұтынушылардың жеке монополистердің шырмауына қалмауы үшін белгілі бір тараптан іс-шаралар қарастырылатыны анық. Жолдауда электр энергиясының тапшылығына басым назар аударылғаны тек елімізде ғана емес, барша әлемде орын алып отырған өзекті жағдай. Еліміздегі энергия көзінің жетіспеушілігін шешу мақсатында атом электр стансасын салу туралы референдум өткізіліп, ол халықтың  қолдауына ие болды. Сонымен қатар, Көкшетауда алдағы жылдары Жылу электр стансасын салу бойынша ауқымды жоба іске аспақшы. Әзірге, оған дейін облыстағы энергия көздері мен электр желілерінің тозуы салдарын жою үшін жергілікті жерлерде бірқатар іс-шаралар жоспары іске асырылуда.

Халықты толғандыратын басты мәселенің бірі – жылыту маусымының өту барысы. Былтыр бұл науқанға қаншама дайындық жүргізіліп, әзір болғанымызбен, қытымыр қыстың қақаған аязында Степногорск қаласы мен облыс орталығында апатты жағдайлар орын алды. Степногорскіде қыс ортасында жылу желілері жарылып, халықты әбігерге салды. Үкіметтен бұл келеңсіздіктерді жою мен қайта қалпына келтіруге қомақты қаржы бөлінді. Осындай тосын жағдайлар биылғы жылыту маусымында орын алмас үшін бөлінген қыруар қаржының арқасында бірқатар шаруаның басы қайырылды.

Облыстағы жылумен жабдықтау көздерінің жалпы саны 93 коммуналдық қазандықты және Степногорск қаласының жылу электр орталығын құрайды. Негізгі жылу көздері «Көкшетау Жылу» коммуналдық мекемесі, «Степногорск ЖЭО», «Жаңа Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері болып табылады.

Қысқы жылыту маусымы басталғалы облыстағы 1142 қазандық, 786 білім беру нысаны, 567 денсаулық сақтау нысаны, 2642 тұрғын үй жылу көздеріне қосылды. Қазіргі уақытта облыста жылыту маусымы штаттық режимде өтуде.

Биыл жылыту маусымына дайындыққа шамамен 40 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде Үкімет резервінен 7,2 миллиард теңге қарастырылса, қалғаны республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттердің, жеке инвестициялардың есебінен берілді. Осы қаржының 23 миллиард теңгесі жөндеу науқанына жұмсалса, 6, 7 миллиард теңге инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталды.

Ақмола облысындағы жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 848,8 шақырымды құрайды. Биыл бөлінген қаражат шеңберінде оның 35,2 шақырымнан астамына ағымдағы және күрделі жөндеу мен реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Көкшетау, Степногорск және Атбасар қалаларындағы 22 шақырымнан астам проблемалық учаскелердің желілері жаңартылып, реттелді. Жылумен жабдықтау желілері мен жылу магистральдарына жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде тозу көрсеткіші 41,8 пайыздан 39 пайызға дейін төмендеді. Жылумен жабдықтау көздері мен желілерінің тозу деңгейі жоғары өңірлерге ерекше назар аударылуда. Жылу көздері мен желілері бойынша жоспарланған жұмыстар жүз пайыз орындалды.

Облыс орталығында жылу көздерін, яғни, бірінші және екінші аудандық қазандықтарды жөндеу жұмыстары толық аяқталып, жылыту маусымы дер кезінде іске қосылды. Бұдан басқа, жеке инвестициялар есебінен төрт турбинаға, Степногорск жылу электр орталығындағы төрт қазандыққа, сондай-ақ, 2,6 шақырым жылумен жабдықтау желілеріне толық көлемде жөндеу жүргізілді. Атқарылған жұмыстарға жекелей тоқталатын болсақ, Атбасар қаласының орталық қазандығы мен жылу желілеріжаңартылды. Сонымен бірге, Щучинск қаласының Ремзавод шағын ауданының жылу желілері жөнделіп, Горный шағын ауданының жылу желілерінің құрылысы жүргізілді, Көкшетаудың бірінші және екінші аудандық қазандықтарының құрылғылары ауыстырылды, Зарап Темірбеков көшесінің бойындағы жылу магистральдары қайта жаңартылып, құрылыс жұмыстары жүргізілді,Сандықтау ауданының Балкашино ауылы, Шортанды ауданының Дамса ауылы, Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласы, Ерейментау ауданының орталығындағы қазандықтар мен жылу желілері, жылу магистральдары қайта жаңартылып, құрылыс жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жылыту маусымындағы ең маңызды мәселелердің бірі – энергия ресурстарын сатып алуға 10,6 миллиард теңге бағытталып отыр. Оның ішінде көмір сатып алуға –5,8 миллиард теңге,мазут алуға – 4,8 миллиард теңге бөлінді. Осы қысқы жылыту маусымының басты жұмыстарының бірі – көмір қорын жеткілікті қабылдау. Қазақстан темір жолының деректеріне сәйкес, осы кезге дейін облысқа 659,5 мың тоннадан астам көмір түскен. Қазіргі уақытта облыстың көмір тұйықтарында 82,8 мың тоннадан астам көмір бар. Қажеттілікке сәйкес көмір операторларының өтінімдерімен көмір разрездерін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Яғни, өңірдің көмірмен жеткілікті қамтылуы бойынша жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

Облыста жылу энергетикасы саласында білікті кадрлардың тапшылығы бар. Мысалы, «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде штаттық кесте бойынша 718 адам еңбекетуі тиіс болса, іс жүзінде 660 адам жұмыс істейді, 60-қа жуық маман жетіспейді. Сол сияқты, «Степногорск ЖЭО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің штаттық кестесі 641 адам болса, 500 адам ғана жұмыс істеп жүр.

Өңір тұрғындарын толғандыратын таза ауыз су жайына тоқталсақ, облыстың елді мекендерін сапалы сумен жабдықтау және су бұру жұмыстарына көп қаржы бағытталды. Осы мақсатқа 34,1 миллиард теңге бөлініп, оның 32,4 миллиард теңгесі алпыс сегіз нысанды салуға және жаңартуға, 1 миллиард теңгесі біріктірілген модульдер блогын орнатуға, 0,6 миллиард теңгесі күрделі жөндеу жүргізуге, 0,1 миллиард теңгесі 3 жобаны әзірлеуге жұмсалды. Сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу, реконструкциялау бойынша іске асырылып жатқан 68 жобаның 32-сі биыл іске қосылса, 38-і келесі жылы аяқталады. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша қалаларда сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу 99, ауылдық елді мекендерде 96,1 пайыз деңгейінде жоспарланған.  Облыстың 10,5 мың тұрғыны қосымша сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілуде. Барлығы 141 ауылдық елді мекенді  сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін 45 ауылда сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта 25 жоба іске асырылуда, жеті жоба бойынша қаржыландыру көзі қажет. Және дереспубликалық бюджеттен аяқталатын бес ауыл жобасына қосымша 710 миллион теңге қажеттілік бар. Бұл ретте, келесі жылы 29 ауылды сумен қамту жұмыстары жүргізілмекші. Соның ішінде әзірленген 16 жобаға қаржылық қажеттілік 5,1 миллиард теңге. Жалпы, 2024-2025 жылдары 96 ауылға кешенді блок модулін орнату жоспарланған. Алайда, ағымдағы жылғы жоспарлы 48 кешенді блок модулінің 32-сі ғана дайын. Қалған он алтысыаяқталу сатысында. Жалпы, аталған жұмыстар толық орындалса, 2025 жылы өңір тұрғындары 100 пайыз ауыз сумен қамтылады деген сенім бар. Бірақ, суы ептеп келіп тұрған облыстың елді мекендері үшін қазір ең маңызды мәселе – қысқы жылу беру маусымы болып отыр. Сондықтан, Ақмолаоблысы бойынша жылытумаусымының барысы ұдайы бақылауда.

Міне, 2024 жылды осындай қорытындымен аяқтап отырмыз. Жаңа жылдан үміт көп. Келер жыл бар жақсылығымен келсін!

Бақтыбек ЖАПАЕВ,
Ақмола облыстық энергетика және тұрғынүй -коммуналдық
шаруашылығы
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар