Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алған болатын. Акцияның басты мақсаты – ел назарын қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне аудару еді. Ақмола облысының тұрғындары бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, акцияға белсене қатысты.
Жыл басынан бері әрқилы меншіктегі 4,5 мың кәсіпорын бағалы бастаманы бірауыздан қолдап, асқаралы міндетті орындауға белсене ат салысты. Көп қабатты және жеке үйлердің маңайы мұнтаздай етіп тазаланды. Балалар ойнайтын алаңдардан, жаяу жүргіншілер жүретін жолдардан ұқыпты қолдың табы анық байқалады. Орта есеппен, елу мыңға жуық алаң сырланып, сыланып, көз жауын алатын әдемі кейіпке енді. 700-ден астам парк пен сквер, адам көп жиналатын алаңқайлар тазаланды. Бұл жұмысқа екі мыңнан астам арнайы техника пайдаланылды. Көп болып атқарған істің нәтижесінде 55 мың тонна қоқыс шығарылып, 360 заңдастырылмаған қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орындар жойылды.
Жалғыз облыс орталығында ғана емес, шалғайдағы елді мекендер де ізгі іске ат салысты. Соның бірі Жақсы ауданындағы Запорожье селосы. Селолық округ құрамында екі елді мекен бар. Олар «Таза Қазақстан» акциясының мән-мазмұнына жете назар аударып, көгеріп көктем шығысымен, ауыл ішін қыстан тазартуға жұмыла кірісті. Бұл іске селолық әкімдік қызметкерлері, ел ағалары ұйытқы болды. Нәтижесінде ауылдағы стадион маңайы, парк аймағы, селоның көшелері мұнтаздай етіліп тазартылды. Берекелі ауылдың сәнін келтіріп тұрған ағаштардың діңі әктелді, жаяу жүргіншілер жолдары тазартылып, жол шетіндегі шақпа тастар ағартылды. Аялдамалар да әдемі кейіпке енді. Ортақ іске ауылдағы еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін өз үлесін қосты. Ұйымшылдықтың арқасында 300-ден астам адам бар жұмысты жұмыла атқарып, 12 техниканы пайдаланып, межелеген шаруаны тап-тұйнақтай етіп атқарып шықты. Нәтижесінде 50 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 350 ағаш көшеті отырғызылды.
Бұл шаруаны мысал етіп отырғандығымыз тегін емес. Елдіктің белгісі ретіндегі жұмысты жан-жақты насихаттаудың, қала, ауыл тұрғындарының жетесіне жеткізіп айтудың жемісі десек, қателеспес едік. Акция барысында экологиялық сенбіліктер ұйымдастырылып, бұлжұмысқа саяси партиялар мен халық қалаулылары, үкіметтік емес ұйымдар, қоғам қайраткерлері де үзбей қатысып отырды. Олар қол жұмысымен қатар, жалпақ елді жұмылдыратын, ұйытқы болатын аталы сөздерін айтып, жас толқынға үлгі көрсетті. Міне, осындай бірліктің арқасында береке арта түсті. Акцияның аясында атқарылған іс барысында 620 елді мекен қамтылды. Жалғыз тазалық жұмыстары ғана емес, өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштердің маңы даабаттандырылып, бір тазарып қалды. Көрікті Көкшенің мақтанышы – тамылжыған табиғаттың баурайы да сәуірдің ақ жауынына шомылғандай ажарлы кейіпке енді.
Облыстағы көлдердің жағалаулары шіріген қамыстан, күл-қоқыстан арылды. Бұл акцияға 760 адамат салысты.
–Жерлестеріміздің төл табиғатқа деген жанашырлық пейіліжақсы, – дейді «Есіл» облысаралық бассейндікбалық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нығмет Қауашев, – жергілікті атқарушы органдар да игілікті істі тиянақты атқарып, үлгі бола білді.
Осындай білек біріктіріп істеген берекелі істің нәтижесінде облыс көлдерінің жағалауларынан 55 тонна қоқыс шығарылды. Осы арада екпін түсіріп айта кететін бір жай, су айдындарынан заңсыз салынған жүзден астам ау жиналып алынды. Инспекция басшысының айтуына қарағанда, тастандыаулардың тақсыреті аз емес екен. Браконьерлердің осы жөнсізістерінің салдарынан көлдегі балықтың қырғынға ұшырауы әбден мүмкін. Кейбір қытай ауларының ұзындығы жүздеген метрге жетеді. Көлдерді тазалауға 191 техника пайдаланылған. Көл жағалаулары тазартылып, жабылып қалған бұлақ көздері ашылған. Инспекция мамандары білім ошақтары мен жоғары, орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен оқушылары арасында сан мәрте мазмұнды лекция оқыпты. Мемлекеттің табиғатқа қатысты ұстанымын жан-жақты талдап, қоршаған ортаны қорғау көптің ісі екендігін түсіндірген. Бұл арада Ю.Тимошенко жетекшілік ететін «Интеграция Астана» серіктестігі, А.Люфтің «Бытығай» шаруа қожалығы, жеке кәсіпкер Г.Гусевскийдің ұжымы белсене қатысқан. Міне, осылайша Көкшетау мен Қорғалжынның арасындағы шалқар көлдер, булығып аққан бұлақтар бір тазаланып қалды.
Акция барысында өнімді жұмыс істеген ұжым – «Көкшетау» ұлттық мемлекеттік табиғи паркі. Акция аясында ежелден көздің қарашығындай қорғалатын табиғи аумақтар мейлінше мұқият тазаланып, әуел бастағы балғын кейпін қайта тапқандай.
–Бағалы бастама өте орынды, – дейдітабиғи парктің бас директоры Ербол Сағдиев, – елдің қолдауына ие болып отырған бұл іс алдағы уақытта дакеңінен өрістеуі керек. Табиғатты ғана емес, сол табиғаттың қисапсыз мол байлығын пайдаланатын адамдардың да санасы тазарып, келер ұрпаққа қалдырар мол мұраға деген жанашырлық көбейсе екен дейсің.
Ұлттық парк облыс орталығындағы №17 мектеп-гимназиямен меморандумға қол қойыпты. Алдағы уақытта мектеп-гимназияда экологиялық ағарту сабақтарын өткізіп, кешенді жұмыс істемек. Меморандум шеңберіндемектеп-гимназияның оқушылары үшін қызғылықты экскурсиялар, туристік шерулер ұйымдастыруды қолға алған. Бір айта кетерлігі, мұндай жұмыс білім ошағында ғана емес, жалпы жұртшылық арасында жүргізілмек. Парк қызметкерлері тағылымы мол бейнефильмдерді көрсете отырып, өздерінің парк аумағында орналасқан тарихи ескерткіштердің тарихын таныстыруда. Осы тақырыпты ашып көрсететін әрқилы әдебиеттерді де ұсынуда. Айтар сөз де аз емес. Мәселен, «Құстар күні» акциясын өткізу барысында көрікті Көкше өңіріндегі сирек кездесетін құстардың түрлері туралы әсерлі әңгімелер айтылған. Жастолқын жылы қабылдапты, кәдімгідей қызығушылық танытқан. Өздері де қарап отырмай, елді мекендерде құс ұяларын орнату жұмыстарын қолға алған. Нәтижесінде 300-ге жуық ұя орнатылыпты. Парк аумағында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» күні акциясыөткізілген. «Қарауыл төбе» орманшылығының аумағында мектеп оқушылары мен ауылтұрғындары бірлесіп, қарағай көшеттерін еккен. Мұндай іс Зерендіауылдық округінде де қолға алынып, төрт мың қарағай көшеті отырғызылған. «Таза Қазақстан» акциясы аясында дендропарк аумағына арша көшеттері егілсе, аудан мектептерінің жер телімдеріне кәдімгі қарағай көшеттері орналастырылған. Бір жақсысы, игілікті іс-шараға ауылдық округ қызметкерлері, мектеп оқушылары, интернат тәрбиеленушілері белсене қатысыпты.
Ел ішінде атқарылған шаруаны екшеп айтқанда, туған елдің төсін айнадай етіп тазалауға ұмтылған ауқымды іске айрықша мән берген өңірде 3700 экологиялық шаралар өткізіліп, оған бес жүз мыңнан астам адам қатысқанын ескерсек, ойға алғаншаруа оңынан оңғарылды деп айтуға толық болады.
Байқал БАЙӘДІЛОВ.