Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2025 жылғы қаңтар айына ауа райы болжамы - АРҚА АЖАРЫ

2025 жылғы қаңтар айына ауа райы болжамы

Қазгидрометтің қаңтар айына арналған ауа райы болжамына сүйенсек, жаңа жылдың алғашқы онкүндігінде Атлантикалық циклондардың әсері сезіледі.

Сонымен, қаңтардың бірінші онкүндігінде Қазақстанда қарқынды Атлантикалық және Оңтүстік циклондардың әсерімен ауа температурасы төмендеп, аяз көтеріліп, құбылмалы ауа райы болжанады.

– Республиканың солтүстігі мен оңтүстігі, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы аудандарында бұрқасын мен қар, кейде қалың қар жауады деп болжанады. Еліміздің оңтүстік жартысында жауын-шашын жабысқақ қар, жаңбыр түрінде күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде желдің жүйткуі секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, кейде екпіні 23-28 метрге жетеді, елдің солтүстік-батыс жартысында 30 метр/секундқа дейін  күшейюі ықтимал, – дейді синоптиктер.

Ал, екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 3-8 градус, күндіз 1-6 градус аяз болжанады. Одан кейін, ауа температурасы түнде 15-20 градустан 10-15 градус аязға дейін, күндіз 8-13 градустан, 3-8 градус аязға дейін ауытқуы болжануда.

Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 15-20 градус аяздан, 10-15 градус аязға дейін, күндіз 10-15 градус аяздан, 5-10 градус аязға дейін ауытқуы болжанады. Жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында. Кей жерлерде нормадан көп болады деп күтілуде. Норма 12-25 миллиметр. Қарлы бұрқасын жел секундына 15-20 метрге дейін бір ай ішінде жиі болады, деп күтілуде. Екінші және үшінші онкүндіктердің басында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Айта кетері, бір айға арналған ауа райын консультативтік болжам ретінде пайдалану керек. Ол кейіннен синоптикалық жағдайға байланысты өзгеріп, онкүндікке және 2-3 тәулікке арналған ауа райы болжамымен нақтыланады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар