80 отбасы пәтер алды

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазановтың қатысуымен Жарқайың ауданының «Жастар» шағын ауданында тұрғындарға 80 пәтерлі тұрғын үйдің пәтер кілттерін тапсыру рәсімі болып өтті. Тұрғын үй жағдайы Мемлекет басшысының тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік бастамалары аясында жақсартылып отыр.

Қайта жөндеуден өткен бұл тұрғын үй әлеуметтік жағынан осал топтарға арналған.

– Бұл үй – көптеген отбасы үшін жаңа өмір бастамасы, олар мемлекеттік қолдаудың арқасында баспанаға ие болды, – деп атап өтті бұл ретте, Елдос Рамазанов.

Бақытты қоныстанушылардың қатарында 17 көпбалалы отбасы, 36 жалғызбасты ана, 16 жетім бала, 8 мүмкіндігі шектеулі жандар, 2 зейнеткер және мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған бір отбасы бар.

– Мемлекеттік қолдаудың арқасында біз енді жайлы жағдайларда өмір сүріп, балаларымыздың болашағын жоспарлай аламыз, – деп ризашылығын білдірді көпбалалы ана Сәрсек Гүлжанат.

Осы жоба аясында басқа да азаматтар санатын қолжетімді және жайлы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары одан әрі жалғасады. Сөйтіп, мұның өзі өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар