Робот құбырлардың ақауын анықтайды

Жыл басында облыс әкімі ауданға арнайы техника тарту еткен болатын. Бұл робот-телеинспектор заманауи камералармен және сенсорлармен жабдықталған.

Олар жоғары дәлдіктегі кескінді қамтамасыз етіп, құбырлардың күйін егжей-тегжейлі талдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, диаметрі 300-ден 1000 миллиметрге дейінгі канализация құбырларындағы ақауларды анықтауға арналған.

Сол жолы коммуналдық қызметтерге арналған мамандандырылған техниканың кілттері, оның ішінде мазут тасымалдаушы, көпфункционалды КамАЗ, фермерлік және жолаушы Газельдер, сондай-ақ, JAC және Haval пикаптары да тапсырылған болатын.

Бүгінде жаңа техника өңірдің коммуналдық инфрақұрылымын дамытуда және материалдық-техникалық базаны жақсартуда маңызды құралға айналып отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар