Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласының әкімдігі қолайлы қоршаған орта құру мақсатында үйлесімді архитектуралық-суреттемелік көріністі қалыптастыруға бағытталған дизайн-кодты бекітті. Дизайн-код экологиялық таза технологияларды енгізу және қоғамдық кеңістіктерді үйлестіру арқылы қаланың перспективалық дамуын ескереді. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін көшелердің, басқа аумақтардың сыртқы көрінісін, ғимараттардың қасбеттерін әрлеуді реттейтін бірыңғай талаптар жиынтығы енгізілді.
– Қалалық ортаның барлық элементтеріне пастельді монохромды реңктерден тұратын бірыңғай түсті палитраны енгізу ұсынылады. Бұл ғимараттардың қасбеттерін әрлеу материалдарына, маңдайшаларға, ақпараттық құрылымдарға, жабдықтарға, көше жиһаздарына, көшпелі сауда нысандарына, велосипед тұрақтарына, қоршаулар мен инженерлік құрылымдарға қатысты. Ғимараттардың қасбеттерін әрлеуде архитектуралық стильге сәйкес келмейтін түсті шешімдерді қолдануға тыйым салынады, – деп атап өтті Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Айнұр Таңкыбаева.
Бүгінгі таңда Көкшетауда шағын және орта бизнес белсенді дамып келеді және көшелер алуан түрлі маңдайшалармен жарқырайды. Бірыңғай стиль маңдайшалары көшелердің көрінісін жақсартуға және қалалық ортаның сапасын арттыруға көмектеседі.
Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін автобус аялдамаларында ауа райынан қорғайтын және ыңғайлы орындықтармен жабдықталған заманауи павильондарды орнату ұсынылады. Тұрғын үй кешендерінің абаттандырылған аулалары ойластырылған ландшафтық дизайнмен және көгалдандырумен қамтамасыз етіледі, бұл жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын құруға ықпал етеді.
Декоративті жарықтандыру қалалық кеңістіктерді абаттандыруда маңызды рөл атқарады. Көкшетауда жылы түстерді және жарық диодты прожекторларды қолдану ұсынылады, бұл қалаға кешкі және түнгі уақытта жайлы және тартымды көрініс береді. Бұл ғимараттардың архитектуралық ерекшеліктерін бөліп көрсетуге және тартымды қоғамдық кеңістіктерді құруға көмектеседі. Екі жақты декоративті жарық шамдары көшелерді қосымша жарықтандырып, оларды қауіпсіз әрі серуендеуге жайлы етеді.
Көкшетау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.