ӘКЕЛЕР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ІСІ

«Біртұтас  тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «100 әке – 1000 бала» жобасы қарлы аймақтардағы мектептер үшін ерекше маңызға ие болды. «Таза Қазақстан» жобасымен өзара интеграцияланған бұл шара әкелер мен балалардың бірлесе отырып, қоғамдық пайдалы іспен айналысуына жол ашты.

Қарлы аймақтардағы мектептерде әкелер балаларымен бірге мектепке келіп, мектеп айналасын қардан тазарту жұмыстарына белсене атсалысты. Бұл бастама тек қана мектептің аумағын тазартумен шектелмей, сонымен қатар әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, олардың бірлескен жұмысына, қоғамдық істерге деген жауапкершілігін арттырды.

Бұл шараның мақсаты – ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіру, әкелердің тәрбие ісіндегі рөлін арттыру және жастардың патриоттық сезімін ояту. «Таза Қазақстан» жобасы аясында өзара интеграция жасау арқылы, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдық орындарды күтіп ұстауға, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал етілді.

Әкелердің өз балаларымен бірге қар тазалау жұмыстарына қатысуы – жас ұрпақтың көз алдындағы нағыз үлгі-өнеге. Балалар өз әкелерінің еңбекқорлығын, қоғамға пайдалы істерге белсенді араласатынын көріп өседі. Бұл шара арқылы балалардың жауапкершілік сезімі, еңбекке деген құштарлығы артады, сондай-ақ өздерінің ортасына деген сүйіспеншілігі қалыптасады.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы бұл жобаның ерекшелігі – әкелердің балаларына үлгі көрсетуі, оларды тәрбиелеуге тікелей араласуы. Бұл шара тек қана қар тазалау жұмыстарымен шектелмей, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, оларды еңбекке баулуға, табиғатты сүюге және қорғауға бағытталған.

«100 әке – 1000 бала» жобасының аясында өткізілген осындай іс-шаралар, жас ұрпақтың болашағы үшін маңызды, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, қоғамның дамуына ықпал етеді. Бұл шаралардың өміршеңдігі – олардың тәрбиелік мәнінің жоғарылығында.

Дәнекер ХОЛҒАНАТ,
Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар