Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Ардақты әйелдер және қыз-келіншектер қауымы!

Сіздерді көктемнің шұғылалы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – сұлулық пен нәзіктіктің, мейірім мен ізгіліктің салтанат құратын мерекесі. Осы тамаша сәтте біз сіздерге алғыс айтып, аналарымызға, әжелерімізге, сүйікті жарымызға, қымбатты әпкелеріміз бен қыздарымызға ерекше құрмет көрсетеміз.

Сіздер бүгінгі таңда түрлі салада жемісті қызмет етіп, өңірдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Экономика мен бизнес, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, білім мен медицина, мәдениет пен спорт салаларында толайым табыстарға жетіп, ел дамуына ықпал етудесіздер. Сонымен қатар, отбасының ұйытқысы болып, ер азаматтардың тірегі, шаңырақтың шырайы болып отырған жансыздар.

Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз, қоғам игілігіне бағытталған істеріңіз және күнделікті қажырлы еңбектеріңіз біздің өңірдің ғана емес, тұтас елдің дамуына серпін беруде.

Әрқайсыңыз нәзіктікті, даналықты, сабыр мен қайсарлықты бойларыңызға сіңірген ерекше жандарсыздар. Осы шуақты көктем күнінде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен береке, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

***

Құрметті әйелдер және қыз-келіншектер!

Депутаттық корпус атынан көктемнің нәзік мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, жылы да шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Осы шырайлы күні мен сіздерге үлкен құрмет пен ерекше алғысымды білдіргім келеді. Рухани және отбасылық құндылықтарды нығайтудағы, сондай-ақ, мықты мемлекет пен қоғам құрудағы сіздердің рөлдеріңіз зор маңызға ие. Біз сіздерді өмірдің барлық қиындықтарын жеңуге көмектесетін даналық, мейірімділік пен шыдамдылық үшін бағалаймыз.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың қолдауымен әйелдердің елдің экономикалық, саяси және қоғамдық өміріне қатысуы кеңеюде. Ақмола облысында да олардың әлеуетін ашу үшін тиісті жағдай жасалуда.

Ақмолалық әйелдер мен қыз-келіншектер қоғамдық өмірге белсенді қатысып, кәсіпкерлік, өндіріс, мәдениет және әлеуметтік салалардың қай-қайсысында болсын, өздерін биік белестерден көрсетуде.

Аяулы арулар, сіздерге шын жүректен бақыт, денсаулық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Өмірлеріңізде жарқын сәттер көбейе берсін. Әрқашан жақын адамдарыңыздың сүйіспеншілігі мен қамқорлығына бөленіп, өмірлеріңіз мағыналы әрі қуанышқа толы болсын!

 Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар