Игі шара
Биыл да 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні ретінде аталып өтілді. Біздің өміріміздегі ризашылықтың маңыздылығын түсінудің өзі маңызды. Ризашылығымызды білдірген кезде біз басқа адамдарды бақытты етіп қана қоймай, өзімізді де бақытты етеміз. Алғыс айту бізге өмірдің жағымды жақтарын көруге көмектеседі.
Алғыс айту күні сонымен қатар, өзіңізге жақын және қымбат адамдармен қарым-қатынасты түсіну мен қолдаудың жөні бір бөлек екенін еске салады. Бұл күні тіпті, өзіңіздің жетістіктеріңіз бен күш-жігеріңізді бағалауды да, сол күш-жігеріңіз бен төзімділігіңіз үшін өзіңізге алғыс айтуды да ұмытпағаныңыз жөн. Өзіңізге ризашылық білдіру жеке басыңызға деген оң көзқарасты сақтауға көмектеседі және біздің өз-өзімізді бағалау сезімімізді арттырады.
Қорытындылай келе айтпағымыз, Алғыс айту күні, бұл бізді күн сайын алға жетелеп жүрген барлық жақсылық пен қуанышты түсінуге тамаша мүмкіндік береді. Бұл күн әркім өзімен және әлеммен үйлесімді өмір сүруі керек екенін еске салады. Ол бізді өмірдің әр сәтіне ризашылық білдіруге, кішкентай қуаныштардың өзін бағалауға және басқа адамдарды түсіну мен қолдаудың қажеттілігін есте сақтауға шақырады.
Осы мерекеге орай, біздің Көкшетау қалалық Бірлік үлгілі кітапханасында «Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта» атты іс-шара өтті. Шара барысында кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған шолу жасалды. Оқырман қауымына мейрамның қысқаша тарихы мен мақсаты жеткізілді. Шара соңында оқырмандар бір-біріне алғыстарын білдіріп, іс-шара өз мәресіне жетті. Шараға кітапхананың ересек оқырмандары және №22 орта мектебінің оқушылары қатысты.
Дана КӘРІМЖАН,
Көкшетау қалалық Бірлік үлгілі кітапханасының кітапханашысы.