Көрісу күні: Ұлттық бірліктің жарқын көрінісі

Биыл Көкшетауда көрісу күні ерекше жылылықпен тойланды. Теміржол вокзалында нағыз мерекелік атмосфера орнап, келген жолаушыларды жергілікті тұрғындар ақжарқын көңілмен қарсы алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Теміржол вокзалында ұлттық әуендер ойнап, қазақтың қонақжай дәстүріне сай хош иісті бауырсақ ұсынылды. Бұл – жай ғана сый емес, ғасырлар бойы халқымыздың қанында қалыптасқан ізгі ниеттің көрінісі.

Мерекелік шара барысында «Асыл мұра» би ансамблі дәстүрлі қазақ биін орындап, көпшілікке өнердің ерекше әсерін сыйлады. Сондай-ақ «Достар» мәдениет сарайы мен «Көкше» мәдениет үйінің әртістері дайындаған «Көрісу» театрландырылған қойылымы көрермендерді  ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарға жетеледі. Музыка мен ұлттық өнер тоғысқан бұл ерекше көрініс мерекенің мәнін тереңірек сезінуге мүмкіндік берді.

«Көрісу күні құтты болсын. біздің қонақжай халқымыз қашанда ыстық ілтипатымен ерекше. бізді поездан күтіп алған өнер иелеріне рахмет. қуанып қалдық. мерекелеріңіз құтты болсын», деді жолаушылардың бірі.

Көрісу – тек сәлемдесу рәсімі емес, бұл – қазақы болмысты, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті дәріптейтін, қоғамдағы ынтымақ пен мейірімділікті нығайтатын мейрам. Көптен көріспеген жандардың құшақ жайып, амандық сұрасып, бір-біріне ақжарма тілектер айтуы – бұл мерекенің шынайы рухы.

«Осындай ұлттық дәстүрлерімізді жаңғыртып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – баршамыздың міндетіміз. көрісу күні тек бір күндік мереке емес, халқымыздың кеңпейілдігі мен бірлігінің белгісі болып қала береді», дейді ұйымдастырушылар.

14 наурыз – қазақ халқы үшін ерекше күн. Бұл – қыстан аман шығып, бір-бірімен қауышқан жұрттың сағынышын басатын Көрісу күні. Бүгінде бұл дәстүр елдің әр өңірінде кеңінен атап өтіліп, қоғамдағы өзара құрмет пен ынтымақтың жарқын көрінісіне айналып келеді.

5 Total Views , 3 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар