Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың 7 мамыр – Отан қорғаушы күнімен құттықтауы

Ардақты ақмолалықтар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ерлік пен елдік, батырлық пен отаншылдық қасиеттер салтанат құратын айрықша күн. Туған жердің тұтастығы мен тыныштығы жолында жан аямай қызмет еткен, Тәуелсіз Қазақстанның айбынды Қарулы Күштерінің қатарында ел қорғанына айналған азаматтарға деген алғыс пен құрметтің күні.

Бүгінде әскери қызмет – тек мамандық қана емес, асқан жауапкершілік пен ерік-жігерді, табандылық пен отаншыл рухты талап ететін қасиетті міндет. Батыр бабаларымыз аманат еткен жерімізді, елдігімізді сақтап, бейбіт аспанымызды қорғау – әр азаматтың парызы.

Өңіріміздің сан түрлі саласында – құқық қорғау, қорғаныс, төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс құрылымдарында мыңдаған ер-азамат халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, елге адал қызмет етуде. Олардың табанды еңбегі мен қайсар рухы бейбіт күннің кепіліне айналды.

Ақмола облысында әскери борышын абыроймен атқарып жүрген жауынгерлеріміздің, ардагерлеріміздің, әскери қызметшілердің еңбегі әрдайым ел назарында. Сіздердің қайсарлығыңыз, кәсіби біліктіліктеріңіз бен отансүйгіштіктеріңіз болашақ ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасы амандығы мен толағай табыс тілеймін!

Еліміздің іргесі берік, туы биік, бейбіт күндеріміз баянды болсын!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусының атынан сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке батыр ата-бабаларымыз қалаған және бүгінгі ұрпақ лайықты түрде жалғастырып келе жатқан Отанға қызмет етудің даңқты дәстүрлерінің сабақтастығын бейнелейді. Қазіргі заманғы жауынгерлер өздерінің қасиетті борышын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауапты миссиясын абыроймен орындай отырып, батылдық, ерлік және антқа адалдық эстафетасын алып жүреді.

Жоғары жауапкершілікпен, жанқиярлықпен және Отанды, оның азаматтары мен ұлттық мүдделерін қорғауға, тіпті өз өмірін қиюға дайын болуымен байланысты, әскери мамандық дәстүрлі түрде ең құрметті және қастерлі мамандықтардың бірі болып саналады. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен мемлекет елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға және әскери қызметшілерді жан-жақты қолдауға басымдық береді.

Осы айтулы күні өңіріміздің тұрғындарын құттықтай отырып, еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша өз борышын абыроймен атқаратындардың барлығына алғысымды білдіремін. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бейбітшілік, келісім, амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа табыстар тілеймін!

 Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар