Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
9 мамыр – ХХ ғасырдың ең қасіретті соғысында ерен ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың, Отан үшін от кешкен қаһармандардың рухына тағзым етер, бейбіт өмірдің қадірін ұғындырар ерекше күн. Ұрпақ жадында мәңгі сақталатын, тарихи маңызы бар айтулы мереке.
Ұлы Отан соғысы жылдары майданға Ақмола өңірінен 90 мыңға жуық азамат аттанды. Солардың 37 мыңнан астамы ғана елге аман оралды. Қан майданның алдыңғы шебінде оқ пен оттың арасында жүріп, Жеңіс таңын жақындатқан жауынгерлердің есімі ел тарихының алтын беттерінде жазылары сөзсіз. Бүгінде облысымызда үш соғыс ардагері – Арсентий Андреевич Щудляк, Әжітаев Нұрқасым Әжітайұлы және Иосиф Иванович Комин ортамызда. Олар – ерліктің тірі куәсі және өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге.
Сондай-ақ өңірімізде 1600-ден астам тыл ардагері бар. Олар майдан даласындағы жеңісті жақындатуға бар қажыр-қайратын жұмсап, жан аямай еңбек етті. Олардың жанкешті еңбегі мен елге деген сүйіспеншілігі – бүгінгі бейбіт өмірдің негізі. Ардагерлеріміздің майдандағы қайсарлығы мен тылдағы ерең еңбегі әрқашан жадымызда сақталады.
Баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтай отырып, бейбіт аспан, баянды өмір, отбасыларыңызға амандық, шаттық пен береке тілеймін! Бейбітшілік туы көк аспанымызда мәңгілік асқақтай берсін!
***
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Сіздерді ең маңызды және қасиетті мерекелердің бірі — Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
9 мамыр – Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында Ұлы Отан соғысы жылдарында жан аямай шайқасқан ерлер мен әйелдердің ерен ерлігіне арналған ортақ құрмет пен ұрпақ мақтанышының күні. Бұл – бейбіт өмір мен азат болашақ үшін жанын пида еткен батырлардың рухына тағзым етіп, майдангерлерге, тыл еңбеккерлеріне, жесір аналар мен соғыс балаларына алғыс білдіретін күн.
Биылғы мереке – Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен тұспа-тұс келіп, ерекше мәнге ие. Бұл – біз үшін тек тарихи күн емес, сонымен қатар, бейбітшіліктің қадірін, ұрпақтар арасындағы байланыс пен батырлық мұраны сақтау жауапкершілігін еске салатын тағылымды мезет.
Қазақстандықтардың, соның ішінде ақмолалықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі шынымен де баға жеткізгісіз. Біздің бір жарым миллионнан астам отандастарымыз майданға кетіп, жүздеген мың адам үйлеріне оралмады. Ақмола жері, бүкіл Қазақстан сияқты, сол қиын жылдары майдан үшін тірек болды. Мұнда эвакуацияланған кәсіпорындар ашылды, қоныс аударған отбасылар тұрып, жұмыс істеді, ересектер мен балалар әскерге терін төгіп, көмектесті.
Бүгін – соғыстың ащы шындығын ұмытпауға, қаза тапқан боздақтарды құрметпен еске алуға, жанымызда жүрген ардагерлерге қамқорлық танытуға тиісті күн. Біз осы тарихи шындықты, батырлар ерлігін және бейбіт өмірдің құндылығын келер ұрпаққа аманаттауды қасиетті борышымыз деп білеміз.
Құрметті ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, жерлестер!
Сіздерге шын жүректен денсаулық, бейбітшілік, отбасы амандығын және ертеңгі күнге сенімділік тілеймін. Әр үйде тыныштық, жылылық орнасын. Осы күн тарихымызда мәңгі сақталсын. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.