«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы азаматтық қоғам және мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» кеңесі қала ескерткіштеріне мониторинг жасауға арналды.
Облыс орталығында орналасқан Абылай хан, Ш.Уәлиханов, Е.Н.Әуелбеков, Мәлік Ғабдуллиннің ескерткіштері мен Талғат Бегельдиновтің бюстін қарап шыққан кеңес мүшелері ескерткіш маңына темір қоршау орнату қажеттігін айтты. Ал саябақ ішінде орналасқан Мәлік Ғабдуллин ескерткіші құстардың қонатын орнына айналғандай.
Ескерткіш — елдің тарихы, ұлттың ұлағаты. Даланың шежіресі жазылған, қаланың қақ ортасында тұрған маңызды монументтердің жай-күйі не ерекше назар аудару қажеттігін айтқан кеңес мүшелері ескерткіштерді жаз болса шаң, қыстыгүні қар басып жататндығын ескертті. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Жасұлан Укеев көктем шығысымен ескерткіштерге мониторинг жасалып, тазарту жұмыстары жүргізілетінін айтты.
«Мирас» кеңесінің мүшелері Көкшетау қаласының тарихы музейінің жанынан көрме орталығына арналған қосымша ғимарат салу мәселесін де талқылады. Музей Көкшетаудың өткені мен бүгінгі тарихын, оның қалыптасу және даму кезеңдерін көрсететін залдар, суретшілер, фотографтардың көрмелерін ұйымдастыруға арналған залдар, демалыс аймақтары, келушілерге арналған шағын кафе, ретро көлікке арналған витрина және т.б. қарастырылған екі қабаттан тұратын 500-600 шаршы метрлік «Көрме орталығының құрылысы» жобасы жүзеге асыру үшін кеңес мүшелері қала әкішілігіне арнайы ұсыныс жіберетіндіктерін айтты.