Сот іс қарады
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Көкшетау қаласындағы колледждердің студенттерінің қатысуымен қылмыстық іс бойынша үкімді жария етті.
Сот үкімімен С. тыйым салынған психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде, адамдар арасында сөз байласу арқылы таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылатын болды.
Сот С.-ның мобильді қосымша арқылы психотроптық заттардың кепілгері болғанын анықтады. Ұсталған кезде С.-ның куратормен хат жазысқаны, психотроптық заттың орналасқан жерлерінің фотосуреттері, бағдарлар мен координаттар көрсетілген ұялы телефоны және психотроптық заттың 6 орамы тәркіленген.
Сот талқылауы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында студенттерді шақыру арқылы өткізілді.
Үкім жарияланғаннан кейін, судья студенттерге есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын түсіндіріп, заң бұзғаны үшін тартылатын қылмыстық жауапкершілік туралы ескертті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.