«Жас ұрпақ» бірлестігінің слеті

Жаңа балалар ұйымы

Жуырда көрікті Бурабай баурайындағыреспубликалық «Балдәурен» балалар сауықтыру орталығында  «Жас ұрпақ» бірлестігі мүшелерінің алғашқы слеті болып өтті.

«Жас ұрпақ» бірлестігі 2024 жылғы 28 қарашада Ақмола облыстық прокуратурасы мен білім басқармасының бастауымен құрылған болатын.

Жоба балаларды ұлттық  құндылықтар рухында тәрбиелеу, аға буынға құрметпен қарау, әдеп пен құқықтық сауаттылықты бойға сіңіру сияқты мақсаттарды көздейді. Жобаның тағы бір басты міндеті кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Бүгінгі таңда бірлестікке 1 мыңнан астам бала мүше болып қабылданды, ал, осыған ниет білдіргендер саны 10 мың баладан асады.

Бұл бастама жас ұрпақты белсенді етіп тәрбиелеуде маңызды қадам болып отыр және Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидатының өміршеңдігін көрсетеді.

Осы жаңа ұйым аясында балаларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеуде, олардың шығармашылық және рухани жағынан дамытуда біршама оң нәтижелерге қол жеткізілді. Мәселен, облыстың барлық өңірлерінен бірлестіктің 100 үздік мүшесі «Асық ату», «Бес асық», «Арқан тарту» сияқты ұлттық ойындарға қатысты. Онда жүзден жүйрік шыққандар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты. 

Суреттерді түсірген Нұрболат Бектұрғанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар