Мемлекеттік қолдау шаралары жақсарып келеді

Ақмола облысында кәсіпкерлікті қолдау және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.

Негізгі міндет – қаржыға қолжетімділікті арттырып, әкімшілік кедергілерді азайту және өндірісті ынталандыру.

2025 жылы шағын және орта бизнесті тұрақты қолдау мақсатында облыстық бюджеттен «Даму» қоры арқылы несие мөлшерлемесін субсидиялауға 2 миллард теңге бөлінді. Оның 300 миллион теңгесі – қосымша қаражат ретінде қарастырылған. Бұл кәсіпкерлерге несие алуды жеңілдетіп, қаржыландыру бағдарламаларына тұрақты қатысуға мүмкіндік берді.

Аталған қолдау шараларының нәтижесінде бизнес өкілдері жалпы құны 2 триллион теңгеге жуық өнім өндіріп, 185 миллиард теңге көлемінде салық төледі және 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашты.

Бұл ретте, жеңілдетілген несиелендірудің орны ерекше. «Кең дала — 2» бағдарламасы аясында өңірдің аграршыларына 100 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаржыландыру 2024 жылдың желтоқсанында басталып, фермерлерге көктемгі егіс науқанына уақытылы дайындалуға жағдай жасады.

«Жеңілдетілген несие – нәтиже үшін еңбек ететіндерге берілген мүмкіндік. Мемлекет қолдайды, ал, бизнес осы мүмкіндікті ұтымды пайдалана білуі тиіс», – деді облыс әкімі Марат Ахметжанов кәсіпкерлермен кездесуде.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар