Құрметті мәдениет қызметкерлері мен өнер қайраткерлері! Қадірлі сала ардагерлері!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Мәдениет – ұлттың рухани өзегі, тарих пен дәстүрдің алтын арқауы. Сіздердің күнделікті ерен еңбектеріңіздің арқасында халқымыздың бай мұрасы ұлықталып, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық сана мен рухани құндылықтар қалыптасып келеді.
Биылғы жыл Ақмола облысының мәдени кеңістігі үшін табысты бастамалар мен жарқын оқиғаларға толы болмақ. Қосшы қаласында ашылған заманауи Креативті хаб шығармашылық ізденіске кең жол ашатын орталыққа айналды. Сондай – ақ аймақта жаңа мәдени нысандар бой көтеруде. Өңірдің мәдени-шығармашылық ұжымдары халықаралық және республикалық деңгейдегі шараларға қатысып, Ақмола облысының әлеуетін танытуда.
2025 жыл Ақмола облысының мәдени өмірі үшін атаулы даталарға толы. Биыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 105 жылдығы, «Көкшетау» мәдениет сарайының 50 жылдығы, Мәлік Ғабдуллин музейінің 30 жылдығы, Көкшетау қаласының тарихы музейінің 25 жылдығы және «Он алты қыз» халықтық ансамблінің 25 жылдығы аталып өтті. Бұл мерейтойлар – өңіріміздің рухани байлығы мен тарихи жадының тұғырын биіктетіп, өнер мен мәдениет саласында атқарылған өлшеусіз еңбектің айғағы.
Қадірлі мәдениет майталмандары!
Шабытты еңбектеріңіз, рухани дүниені байыту жолындағы қажырлы қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін. Дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс, жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілеймін. Ел мәдениетін өркендету жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!
***
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Театр және кино қайраткерлері, музыканттар, суретшілер, концерттік ұйымдардың, көркемөнерпаздар мен халық шығармашылығының, мұражайлардың, кітапханалар мен мұрағаттардың, клубтардың, мәдениет сарайлары мен үйлерінің, көрме кешендерінің, сурет галереяларының және тағы басқаларыңыз ұжымдары – барлығыңыз аймақтың дамуына баға жетпес үлес қосудасыз.
Ел Президенті өзінің жыл сайынғы Жолдауында мәдениеттің ерекше маңыздылығын атап көрсетеді. Бүгінгі таңда Ақмола өңірінде әрбір тұрғынның шығармашылық әлеуетін ашу, ең жарқын және ерекше таланттарды қолдау үшін барлық жағдай жасалып жатқаны қуантады. Жыл сайын саланы қаржыландыру ұлғайып, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылады. Жас дарындар мен мәдени сала ардагерлерін қолдауға ерекше көңіл бөлінуде.
Құрметті ардагерлер, мәдениет саласының қызметкерлері!
Сіздер адамдарды жетістіктеріңізбен қуантып, қоғамның рухани өмірін байытасыздар, өнерді дамытып мәдени мұраны сақтайсыздар. Осы мереке күні зор денсаулық, отбасылық амандық, шабыт, кәсіби өсу және жаңа шығармашылық биіктерге жетулеріңізгешынайы тілектерімді қабыл алыңыздар!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы.