«Үміт» спартакиадасы жігер мен сенім сыйлайды

Сәттілік!

Көрікті Бурабай баурайында ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған «Үміт» спартакиадасы өтіп жатыр.

Оның ашылу салтанатына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевқатысып,  құттықтау сөз сөйледі.Мұндай іс-шаралардың инклюзивті қоғамды қалыптастырудағы, азаматтардың денсаулығын нығайтып, өмір сапасын арттырудағы маңызы зор екені атап өтілді.Аталған спорттық шара Ақмола облысының 18 өңірінен келген 200-ден астам қатысушыны біріктірді. Спартакиада 19-22 мамыр аралығында өтіп, осы төрт күн ішінде оған қатысушылар өзара түрлі спорт түрлерінен сынға түседі. Сөйтіп, қайсар мінезі мен жеңіске деген жігерін, сондай-ақ, белсенді өмірлік ұстанымын паш етеді.

Байқау бағдарламасына нысана көздеу, ауыр атлетика, жүгіру, шахмат, үстел теннисі, асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ және жеңіл атлетика спорт түрлері енгізілген. Ақмола облысында алғаш рет «Үміт» спартакиадасы осыдан 28 жыл бұрын ұйымдастырылған болатын. Ал, 2013 жылдан бері өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мерген» клубы жұмыс істеп келеді. Бүгінде бұл клубта спортшылар 13 түрлі спорт түрімен айналысады.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар