Ақмолалық «Орда» этно-ансамблі Германияда өнер көрсетеді

Бәрекелді!

Концерт Франкфурт-на-Майн қаласында өтеді. Осыған орай, аймақ басшысы Марат Ахметжанов ұжымның шығармашылығымен арнайы танысып, өнерпаздардың кәсіби деңгейін жоғары бағалап, олардың халықаралық мәдени жобаларға қатысуының маңызын атап өтті.

«Орда» этно-ансамблі – Ақмола облыстық Үкілі Ыбырай атындағы филармониясы жанынан 2024 жылы құрылған жаңа шығармашылық ұжым. Ансамбльдің басты мақсаты – қазақтың музыкалық мұрасын заманауи өңдеуде кеңінен насихаттау. Ұжым құрамында дәстүрлі және қазіргі заманғы музыкалық аспаптарда шебер ойнайтын жеті дарынды мультиинструменталист өнерпаз бар.

Франкфурт қаласындағы бұл концерт – ансамбльдің алғашқы ауқымды халықаралық гастрольдік жобасы болмақ. Шара барысында қазақтың халық әуендері мен неміс сахнасының нәзік эстетикасы үйлесім тауып, көрермендерге өзгеше музыкалық сапар ұсынады.

Марат Ахметжановтың айтуынша, мұндай шығармашылық ұжымдардың халықаралық деңгейде өнер көрсетуі – ұлттық болмысымызды әлемге танытуға, мәдени дипломатияны нығайтуға зор үлес қосады.

– Ақмолалық өнерпаздардың халықаралық сахнада өнер көрсетуі біз үшін үлкен мәртебе. Бұл – халқымыздың бай мәдениеті мен төл дәстүрін әлемге танытудың тамаша мүмкіндігі. Сахна саңлақтары өте талантты, біз сіздермен мақтанамыз және сәттілік тілейміз, – деді осы ретте, облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар