Заң және тәртіп
Ақмола облысы прокуратурасының дерегі бойынша ағымдағы жылдың өткен сәуір айында Ерейментау ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысатын 2 адамды ұстады.
Олар жедел іс-шаралар барысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» тас жолы мен Астана қаласындағы «Әлем» базарында бейнебақылау камераларының бейнежазбаларын бақылау арқылы анықталып, ұрланған ірі қара мал еттерін сатқаны мәлім болды. Сондай-ақ, жедел түрде ұрланған малдың сойылған жері табылып, заттай айғақтар алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған адамдардың ауданда орын алған мал ұрлығының басқа да фактілеріне қатысы бар екені анықталды. Ұсталғандар кінәсін мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеді.
Аудандық соттың 2025 жылғы 8 мамырда шығарылған үкімімен олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

