Байқау
Жуырда Бұланды ауданының оқушылары Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында өткен «Біз – XXI ғасырдың интеллектуалдарымыз» атты халықаралық байқаудан олжалы оралды.
Жыл сайын өткізілетін бұл байқау биыл да оннан астам елден келген дарынды оқушыларды жинады. Осы байқауда Қазақстан намысын қорғаған Никольск орта мектебінің оқушысы Асанәлі Әшімов «К-700 А» тракторының стендтік моделі» жобасымен, ал, Макинск қаласындағы мектеп-гимназияның оқушысы Анна Петровская «Стоматологиялық жұмыстарға арналған робот-манипулятор» жобасымен ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды. Осы ретте, ұлағатты Артём Цимбалдың бірнеше жыл қатарынан осы байқауға жас қатысушыларды дайындап, әрдайым жоғары нәтиже көрсетіп келе жатқандығын атап өткен жөн. Оның шәкірттері әрдайым мұндай додадан лайықты марапаттармен оралады. Сол жеңісті жол алда да жалғаса түссін деген тілектестігімізді білдіреміз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бұланды ауданы.
![]()

