Сақтансаң – сақтар!
Қазақстандықтарды Орал қаласынан 9 жасар баланың өлімі туралы ақпарат дүр сілкіндірді. Ток соғу нәтижесінде оның денесі 95 пайызға күйген.
Куәгерлердің айтуынша, бала сымдардың арасында түскен допты алу үшін электр подстанциясының төбесіне көтеріліп, тоққа түскен. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, ол төртінші дәрежелі күйіктің салдарынан көз жұмды. Баланы құтқару мүмкін болмады.
Өткен жылдың қазан айында Алматыда жасөспірім Ақсай-3 шағын ауданында ток соққаннан кейін ауруханаға түсті. Қоршау бағанасы үйді қуаттандыратын қуат кабеліне зақым келтірді, бұл электр тогының қоршауға таралуына себеп болды.
Өкінішке орай, мұндай жағдайлар балалар қараусыз қалғанда жиі кездеседі немесе қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелерін білмегеннен болады.
Жақында мектеп оқушылары үшін жазғы демалыс – серуен, ойын және бостандық уақыты басталады. Бірақ, осындай трагедиялар қайталанбас үшін қауіпсіздік туралы ұмытпаған дұрыс.
Өміріміздің басты бөлігі болып табылатын электр энергиясы, қарапайым ережелерді сақтамасақ, үлкен қауіп көзі бола алады. Балалардың демалыстарын оқиғасыз өткізуі үшін назар аудару керек негізгі аспектілерге көз жүгіртейік.
Негізгі қауіптер және олардың алдын алу
Розеткалар мен электр аспаптары
Кішкентай балалар көбінесе розеткалар мен электр құрылғыларына қызығушылық танытады.
- Қауіпсіздік жастықшаларын розеткаларға орнатыңыз.
- Балаларға розеткаларға бөгде заттарды салуға болмайтынын түсіндіріңіз.
- Қосылған құрылғыларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе, олар балалардың қолы жететін жерде болса.
Ұзартқыштар мен үшайыршықтарды пайдалану
Ұзартқыш сымдар үйлерде жиі қолданылады, бірақ, оларды дұрыс қолданбау қызып және күйіп кетуге әкелуі мүмкін.
- Ұзартқыш сымдарды көптеген құрылғылармен шамадан тыс жүктемеңіз.
- Сымдардың зақымдалмағанына және оқшаулаудың бүтіндігіне көз жеткізіңіз.
- Оларды балалар ойнайтын жерлерден алыс орналастырыңыз.
Көшедегі электр құрылғылары
Сыртта ашық ауада демалу кезінде балалар трансформатор кабиналары немесе электр желілері сияқты электр нысандарына тап болуы мүмкін.
- Балаларды осындай заттардан аулақ болуға үйретіңіздер.
- Сымдардың немесе жабдықтың кез келген зақымдануы үлкен қауіп екенін түсіндіріңіз.
- Қосалқы станциялардың аумағына кірмеуді және онда ойнамауды ескертіңіз.
- Сымдардың астында және электр желілерінің жанында ойнауға болмайды.
- Ойын, балық аулау, лагерьге шығу алдында немесе ағашқа шықпас бұрын, электр желілерінің жақын жерде бар ма, жоқ па екенін тексеріңіз.
- Электр желілерінің тіректеріне көтерілмеңіз.
- Жерде 8 метрден жақын орналасқан сымдарға жақындамаңыз!
- Үйлердегі және кіреберістердегі тарату қалқандарының, көше шамдарының ішіндегі сымдардың жалаңаш ұштарын ұстамаңыз.
- Сымдар мен кабельдер қосылған ғимараттардың төбесіне көтерілмеңіз.
- Балаларға электр жабдықтарына жақындауға болмайтынын түсіндіріңіз. Есіңізде болсын, электр жабдығына қол тигізбестен-ақ токқа түсуге болады! ЭЛЕКТР ҚУАТЫ АЛЫСТАН СОҒУЫ МҮМКІН!!
- Су және электр
Су электр тогын жақсы өткізеді, сондықтан, ванна бөлмесінде, бассейндер мен субұрқақтардың жанында қауіпсіздікті сақтау өте маңызды.
- Балаларға судың жанында электр құрылғыларын пайдалануға рұқсат бермеңіз.
- Есіңізде болсын – су мен электр үйлесімді емес.
- Жуынатын бөлмедегі электр құрылғыларының күйін үнемі тексеріп отырыңыз.
- Балалардың субұрқақтарға кіруіне жол бермеңіз.
Ата-аналарға арналған кеңестер
* Білім: балаларға электр энергиясының қауіпті болуы мүмкін екенін айтып, оларға негізгі ережелерді үйретіңіз. Қарапайым және түсінікті түсініктемелер әлдеқайда тиімді.
* Үлгі: балалар сіздің мысалыңыздан үйренуі үшін әрқашан қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
* Бақылау: үйдегі сымдар мен құрылғылардың күйін үнемі тексеріп отырыңыз.
Төтенше жағдайлар кезіндегі шаралар
Егер төтенше жағдай орын алса:
- Егер бала электр тогына ұшыраса, электр көзінің қуатын дереу өшіріңіз.
- Бала бір қарағанда өзін қалыпты сезінсе де, медициналық көмекке жүгініңіз.
Осы қарапайым, бірақ, өмірлік маңызды ережелерді сақтай отырып, сіздер мектептегі демалыс кезінде балаларыңыздың қауіпсіздігін сақтай аласыздар. Естеріңізде болсын, электр қауіпсіздігі – бұл ересектердің жауапкершілігі ғана емес, сонымен қатар, сіздер балаларға олардың іс-әрекеттері туралы көбірек хабардар және сенімді болу үшін бере алатын пайдалы білім.
«Көкшетау Энерго» ЖШС еңбекті қорғау және сенімділік қызметі.
сурет: api.nutricia.ua
![]()

