Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны кәсіптік-техникалық білім беру саласында зор серпін туғызды. Елімізге білікті мамандардың қажеттілігін жан-тәнімен ұғынғанда ғана істің алға басары бар.
Осы ретте ұстаздары бойларындағы бар білімдері мен іс-тәжірибелерін жастарға үйретуден аянбауда. Соның нәтижесінде әртүрлі болашақ мамандық иелері өз кәсіптерін оқу орындары қабырғасында жетік меңгеруді мұрат тұтып, білім мен білікке ынта-ықыластарын арттыра түсуде.
Сондай талапты ұстаздардың бірі, Щучинск қаласындағы жоғары техникалық колледждің мұғалімі Айшолпан Едірісқызы өзінің шәкірті Каролина Беленецпен бірге облысымызда ұйымдастырылатын әртүрлі көрмелерге қатысып, оны тамашалаушылар ілтипатына бөленіп жүр. Өйткені, ұстазы мен шәкіртінің дайындаған түрлі кондитерлік өнімдері өзінің сапасымен, тіл үйірер дәмі және сәнімен ерекшеленеді.
Суретте: Айшолпан Едірісқызы және Каролина Беленец облыстық жастар форумында өткізілген көрмеде.
Суретті түсірген Нұрболат Бектұрғанов.
![]()

