Жаңа емдеу мекемесі — жаңа жұмыс тынысы

Денсаулық

Максимовка ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Мұның өзі жалғыз осы елді мекен емес, төңіректегі ауылдардың да тұрғындарын қуантып отыр.

Бұл ауылда ауысымына 25 адамның келуіне есептелген жаңа дәрігерлік амбулатория салу бойынша қомақты жоба. Құрылыс «Ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Мердігерлік ұйым «Ел құрылыс» ЖШС болып табылады. Амбулатория құрылысын аяқтау 2025 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

Амбулатория 15 медицина қызметкеріне арналған және ауданның он елді мекенінің тұрғындарына сапалы алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Олар Максимовка, Владимировка, Спасское, Дорогинка, Богородка, Красная поляна, Петриковка, Арбузинка, Новый городок және Мәдениет ауылы. Тіркелген халықтың жалпы саны 3998 адамды құрайды. Осыншама тұрғындарды дәрігерлік тексерістен өткізу, ауырып сырқаттана қалса, көмек қолын созу оңай шаруа емес. Бірақ, жаңа медициналық мекеме өзінің жабдықталуы және медициналық кадрлармен жасақталуы жағынан бүгінгі жетістіктерге сүйеніп, толыққанды жұмыс істейтін болады, деп күтіліп отыр. Қазірдің өзінде мекеменің штаттық құрылымы сондай-ақ, қызмет көрсету ауқымы айқын.

Жоба ауылдағы денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға, медициналық қызметтерге қолжетімділікті жақсартуға және медицина мамандарының еңбегі үшін заманауи жағдайлар жасауға ықпал ете отырып, маңызды әлеуметтік мәнге ие болуда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар