Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 2025 жылғы 10 маусымнан  бастап 5 жұмыс күні шінде бірыңғай экологиялық порталда (Ecoportal.kz) «Ақмола облысында Есіл өзені арқылы өтетін көпір сала отырып, 80-82 шақырымдық «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автомобиль жолын күрделі жөндеу» жобасы бойынша «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінде жария талқылау түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Бұл учаске Ақмола облысы Есіл ауданында орналасқан. Бастамашы – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.

Құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталда http://www.ecoportal.kz танысуға болады. ҚОҚ әзірлеуші: ЖК «Кан Л.В.», Алматы қ., Қабанбай батыр көшесі, 184, Тел.: +7 7272 921001, almatydorproect@mail.ru.

Эпизоотиялық қауіпсіздік – Ақмола облысының ветеринариялық қызметінің басым бағыты

Эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ветеринариялық қызметтің негізгі бағыттарының бірі. Жануарлар мен құстар арасында аса қауіпті аурулардың таралуына байланысты қазіргі заманның сын-қатерлер жағдайында алдын алу шаралары ерекше маңызға ие, олардың ең бастысы – жаппай вакцинациялау мен диагностика болып табылады.

Биылғы жылы облыс аумағында жоспарлы түрде ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың 6,4 миллион басына аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинация жүргізілуде. Бұл шаралар аусыл, бруцеллёз, сібір жарасы және мал шаруашылығына да, адам денсаулығына да қауіп төндіретін басқа да жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған.

Сонымен қатар, аурулардың жасырын түрлерін уақытылы анықтау және таралуына жол бермеу мақсатында облыстың ветеринариялық қызметі 1,3 миллион жануарға диагностикалық зерттеу жүргізуді жоспарлаған. Бұл шаралар зертханалық талдауларды, жұқпалы ауруларға тестілеуді және жеке қосалқы шаруашылықтар мен фермерлік қожалықтардағы жануарлардың денсаулық жағдайын бақылауды қамтиды.

Айта кету керек, бұл көрсеткіштердің артында – өңірдің эпизоотиялық қауіпсіздігінің негізі болып табылатын, еңбегі көзге көріне бермейтін, бірақ өте жауапты ветеринар мамандары тұр. Ауа райына, жыл мезгіліне қарамастан, олар күн сайын ауылдық округтерге шығып, жануарлармен жұмыс істеп, профилактикалық және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуде.

Ветеринария саласының маманы болу – тек кәсіби дайындықты ғана емес, сонымен қатар6 іске адалдықты, жауапкершілікті және төтенше жағдайларда әрекет етуге дайын болуды талап етеді. Дәл осы мамандардың қажырлы еңбегінің және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен тығыз байланысының арқасында тұрақты эпизоотиялық жағдай қамтамасыз етіледі. Бұл, өз кезегінде, мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын және халық денсаулығының қорғалуын қамтамасыз етеді.

Ветеринариялық қызметтің үйлесімді жұмысының және жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында Ақмола облысы аса қауіпті аурулар бойынша қолайлы өңір мәртебесін тұрақты түрде сақтап келеді.

Жанат Оразұлы ОСПАНОВ,
Ақмола облысының ветеринария басқармасы эпизоотияға қарсы
іс-шаралар бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар