Бұл керемет!
Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің биылғы түлегі Самир Қасымов білім мен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетті. Жас дарын иесі бір мезетте 24 шетелдік университеттен шақырту алып, халықаралық деңгейде жоғары жетістікке қол жеткізді.
Самирдің қажырлы еңбегі мен терең білімі АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Австралия, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктері секілді алпауыт елдердің жетекші университеттерін тәнті етті. Бұл – тек Самирдің ғана емес, барша қазақ жастарының білімге деген құлшынысының, ел болашағына деген сенімінің белгісі.
Жас жеткіншектің бұл ерекше жетістігі – ұстаздардың кәсіби еңбегі мен отбасының қолдауына негізделген үлкен жеңіс. Самир ел намысын жаңа биікке көтеріп, Қазақстанның дарынды жастарының әлеуетін әлемге паш ететін белгілі тұлға болады деп сенеміз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.