Сізді бір ғасырдан астам тарихы бар Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бұрынғы қызметкері, баспасөз саласының ардагері ретінде мерейлі 80 жасқа толған туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбек жолыңызда жоғары білім алып, шәкірттерге тәрбие беруден бастаған Сіз бірқатар жылдар ұстаздық қызмет атқарып, мектеп директоры лауазымына дейінгі дәрежеге көтерілдіңіз. Одан кейін ұзақ жылдар баспасөз саласында қызмет атқарып, Торғай облыстық «Торғай таңы» газетінің жауапты хатшысы болып жемісті еңбек еттіңіз. Облыс тарағаннан кейін Астанаға қоныс аударып, облыстық газетте осы міндеттерді абыройлы атқарып, зейнет демалысына шықтыңыз. Әріптестеріңіз Сізді ұл-қыз тәрбиелеп отырған үлгілі, мейірімді ана, мейірбан әже деп біледі.
Сізге осынау мерейлі күні зор денсаулық, отбасыңызға береке-бірлік, немере-шөберелердің амандығын тілейміз.
Ізгі ниетпен, «Арқа ажары» газеті редакциясының ұжымы.