Көше бойы жаңартылған бағандар

Игі бір іс

«Көкшетау Энерго» ЖШС-інің Зеренді ЭЖ бөлімшесі Краснояр – Элита мен Автобаза кенттерінің бірқатар көшелерін жаңа электр желілеріне қосуды аяқтады.

Жұмыс Көкшетау қаласының және Краснояр ауылдық округінің әкімдіктерімен бірлесіп жүргізілді. Осы ретте, ауылдық округ әкімі Серікжан Мақыш:

–Соңғы үш-төрт жыл ішінде Элита ауылында электр желілері апатты жағдайда болды. Осыған байланысты тұрғындардың өтініші бойынша Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің қолдауымен жаңа желілерді салуға 30 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі таңда бұл қаражат толығымен игеріліп, 80 үй жаңа электр желісіне қосылды. Сонымен қатар, көше жарығы орнатылды.  Барлығы 10 шақырым электр желілері тартылып, бұл жұмыс Зеренді ЭЖ-мен бірлесіп жүргізілді. «Металл Энерджи» мердігер компаниясы тіректерді орнатып, сымдарды тартса, Зеренді ЭЖ қызметкерлері тіректерден есептегіштерге дейін электр қуатын жүргізді. Осыған орай, тұрғындардың атынан және өз атымнан «Көкшетау Энерго»  ЖШС бас директоры Досымхан Аралбаевқа осы бастаманы қолдағаны, ал, Зеренді ЭЖ аталған кенттердің тұрғындарын жаңа желіге қосу жұмысын ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын, – дейді.

Зеренді ЭЖ бастығы Бұғыбай Уәлиевтің айтуынша, дәл осындай жұмыс қазіргі уақытта Чайкино кентінде де басталған.  «Көкшетау Энерго» ЖШС осы желілерді жаңарту үшін тіректер бөлсе, Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі СИП-сымдарды сатып алды. Сондай-ақ, көше жарығын орнату үшін де шамдар сатып алынған. Енді тек осы жұмысты ойдағыдай атқарып, тағы да тұрғындар алғысын арқалау ғана қалып отыр.

Облыс орталығының іргесіндегі Краснояр ауылында жаңартылған ӘЭЖ пайдалануға берілгеннен кейін тұрғындар электрмен жабдықтау жағдайының айтарлықтай жақсарғанын айтуда. Мәселен, Краснояр ауылдық округінің Автобаза көшесінің тұрғыны Бейсенбай Мәжитов:

–Біздің көшеде тұтынушыларды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ететін жаңа электр желісі іске қосылды. Біз, әрине, бюджеттен бөлінген қаражат үшін жергілікті билікке алғыс айтамыз. Тендерді жеңіп алған фирмамен бірге бағаналардың дұрыс орнатылуын қамтамасыз еткен Зеренді электр желілеріне де ризашылығымыз мол. Біз тұтынушылардың осы жаңартылған желі үшін бір тиын жұмсамағанына ризамыз. Яғни, жұмыс бюджет қаражаты есебінен жүргізілді, сонымен қатар, энергетиктер жеке үйлерді осы жаңа желіге өз есебінен қосты. Бүгінгі таңда электр қуатын беру жөнінен шағымдарымыз жоқ, – дейді.

«Көкшетау Энерго» ЖШС-нің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар