Балалар суреттерінде табиғат көріністері бейнеленді

Байқау

Жыл сайын Эколог күні қарсаңында Ақмола облысы бойынша экология департаменті балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» тақырыбында балалар суреттерінің байқауын өткізеді.

Биылғы байқауға Ақмола облысындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалардың қатарынан 15 бала қатысып, барлығы 17 жұмыс ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша конкурстық комиссия екі жас санаты бойынша 6 жүлделі орын белгіледі.

Сөйтіп, 7-12 жас санатында жүлделі бірінші орынды 10 жастағы Милана Быченко және үшінші орынды 7 жастағы Алексей Евсейчик иеленді. Олар Ақкөл ауданының Урюпинка ауылындағы балабақша-мектеп-интернатының тәрбиеленушілері болып табылады. Жетекшілері Нұргүл Нұржанова және Баян Шенжанова.

Екінші орынды 11 жастағы Карина Щепина жеңіп алды. Ол Ақкөл қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан, жетекшісі Ю.К.Борисюк.

13-17 жас санатындағы балалар да үш жүлделі орындарға ие болды. Бірінші орын Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылының балабақша-мектеп-интернатының тәрбиеленушісі, 14 жастағы Ульяна Чмыховаға берілді. Жетекшісі Нұргүл Нұржанова екенін де айта кетейік. Екінші орынды Ақкөл қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі, 15 жастағы Арина Сурцева иеленді, оның жетекшісі Ю.К.Борисюк.

Ал, үшінші орынға Көкшетау қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 17 жастағы тәрбиеленушісі Екатерина Слюнко қол жеткізді, жетекшісі Толғанай Құрманаева.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтар, ал, байқаудың өзге қатысушыларына осы іс-шараға белсене қатысқаны үшін сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Осы іс-шараны өткізуге «LS Kokshetau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Владимир Усатов пен «Көкше-Цемент» серіктестігінің директоры Болат Оспановтың ерекше үлес қосқандарын атап өткен жөн.

Байқаудың барлық қатысушылары жүлделі орындарға лайық болғанын, өйткені, барлық жұмыстар тақырыптық талаптарға сай келгенін, қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарамастан, сурет салу техникасын меңгерудегі жетістіктерін атап өткіміз келеді.

Күләш Рахымова,
Ақмола облысы бойынша экология департаментінің қызметкері.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар