Өңірлік инвестициялық штабтың отырысы өтті

Даму жолы

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен «AQMOLA» индустриялық аймағын дамыту мәселелері қаралды.

Отырыста өңір басшысы инвестиция тарту және кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау ісінде жүйелі тәсілдің болуының  маңыздылығын атап өтті. Басым бағыттардың бірі ретінде Аршалы ауданында құрылып жатқан «AQMOLA» индустриялық аймағы тілге тиек етілді. Жалпы ауданы 1000 гектарды құрайтын бұл аймаққа қайта өңдеу өнеркәсібі мен логистика саласындағы жобалар орналастырылады деп жоспарлануда.

– Біз үшін инвесторларды тарту ғана емес, олардың жобаларын толық жүзеге асырылуына қажетті жағдай жасау да маңызды. «AQMOLA» индустриялық аймағы бүкіл өңірдің даму нүктесіне айналуы тиіс, – деді Марат Ахметжанов.

Жиын барысында халықаралық қатысушысы бар компанияларды іске тарту мүмкіндіктері талқыланды. Импортты алмастыратын өндірістер мен жоғары технологиялық кәсіпорындарға басымдық берілетіні атап өтілді. Мәселен, индустриялық аймақ аумағында экспорттық әлеуеті бар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобасын орналастыру бойынша ұсыныстар пысықталуда.

Сонымен қатар, отырыстың күн тәртібінде ірі инвестициялық жобалар іске асырылып жатқан аудандарда көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелері де қаралды. Жер телімдерін беру рәсімдерін жеделдету, әкімшілік кедергілерді азайту және инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қолдау көрсету шаралары талқыланды.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар