Бұра тарту қылмысқа әкелген

Заң мен тәртіп

Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.

Бурабай аудандық сотында Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасы мен мердігер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189-бабы бойынша кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұл факт аудан прокуратурасы жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы мәселелері бойынша осы бөлім мен оған бағынысты ұйымдардың қызметін талдау барысында қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілерін анықтағанда мәлім болды.

Сотталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарының жиынтығымен дәлелденді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Ақмола облысының прокуратурасы бюджет заңнамасы саласында құқық бұзушылықтарды анықтады.

Бұланды ауданының прокуратурасы талдау барысында жергілікті атқарушы органның бюджеттік сомаларды олардың шығыстарының дұрыстығын қамтамасыз етпей жоспарлайтыны анықталды. Мысалы, әкімшілік ғимаратты жөндеуге 39,1 миллион теңге сомасына бюджеттік өтінім жолданған. Жоспарланған шығыстарды негіздеу үшін бюджеттік өтінімге ақаулы акт, сондай-ақ, ағымдағы жөндеу бойынша сметалық құжаттама қоса берілген.

Алайда, жоғарыда аталған құжаттаманы зерделеу арқылы күрделі жөндеуге жататын жұмыс түрлері анықталды. Мұндай жағдайларда жоспарланған сома негізсіз болып табылады, өйткені, сметалық құжаттаманың сындарлы шешімдері, сондай-ақ, баға белгілеу сараптамамен тексерілмеген.

Осыған орай, прокуратураның қадағалау актісі бойынша бөлімді қаржыландыру жоспары азайтылды, 39,1 миллион теңге көлеміндегі қаражат қайта бөлініп, бөлім басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алған да пайдаланбаған

Ақмола облысының прокуратурасы өз шараларымен мемлекетке пайдаланылмаған жер учаскелерiн қайтарды.

Атап айтқанда, Ерейментау ауданының прокуратурасы пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Ағымдағы жылы қадағалау актілерінің негізінде үш жылдан астам уақыт бойы өз мақсаты бойынша пайдаланылмаған, жалпы кадастрлық құны 225 миллион теңгені құрайтын, ауданы 22 мың гектардан астам 12 жер телімі қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғастырылуда.

Төрт ауылда ішімдік сатылмайды

Ерейментау ауданының прокуратурасы Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын орындау мақсатында Еңбек ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Іс-шараның басты тақырыбы ауылда алкогольдік өнімдерді тұтынудан және сатудан өз еркімен бас тарту болды. Бұл бастама ауыл ақсақалдарының қолдауына ие болып, бірауыздан мақұлданды, олар моральдық құндылықтарды, қоғамдық тәртіп пен өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Осы бастама қоғамдық тәртіпті нығайтуда елеулі қадам жасауға мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы аталған ауылда бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ.

Аудан прокуроры басқа ауылдардың тұрғындарымен кездесу барысында Еңбек ауылы тұрғындары бастамасын қолдауды ұсынды. Осы кездесулердің нәтижесінде тағы үш ауыл тұрғындары белсенді азаматтық ұстанымдарымен көрініп, қауіпсіз әрі салауатты өмір сүру ортасын құруға ұмтылатын елді мекендердің қатарына қосылды.

Ақмола облысы прокуратурасының материалдары бойынша дайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар