Кел, балалар, оқылық!

Кітап – жан азығы

Кезекті оқу жылы да аяқталды. Балалардың көптен күткен жазғы демалыстары да келіп жетті. Осындай кезде демалысымызды әр түрлі лагерьлер мен ойын-сауықтарға арнағанмен, кітапханаға келуді де жоспарға қосып қойған артық болмайды. Бала деген салқын, жанға жайлы тыныштықта өз ойымен өзі оңаша қалып, кітап бетіне үңілсе, оқиғаның желісіне еріп, жер кезіп, көкке самғаса, оның қиялына да қанат бітіп, рухани әлемі сәулелене түсері анық.

filter: 0; fileterIntensity: 0.0; filterMask: 0; module: a;
hw-remosaic: 0;
touch: (-1.0, -1.0);
modeInfo: Beauty ;
sceneMode: NightHDR;
cct_value: 0;
AI_Scene: (-1, -1);
aec_lux: 216.68976;
hist255: 0.0;
hist252~255: 0.0;
hist0~15: 0.0;

Біздің кітапханамыздың қорынан әр түрлі жас ерекшеліктеріне қарай алуан түрлі қызықты кітаптарды табуға болады. Заманауи дизайн, кітаптың мұқабасы, ішіндегі суреттері көз тартады, баланың оқуына ыңғайлы шрифтпен жазылған, көлемі қалтаға да сыйып кетерлік кітаптан бастап үлкен энциклопедиялық кітаптарға дейін кітап сөрелерінде мен мұндалайды.

Ал, балаларға арналған журналдар оқыған балаға қазына аралы дерсің. Ішіндегі қызықты шағын әңгімелері мен жаттауға ыңғайлы тақпақтарымен, сөзжұмбақтарымен, бояуға арналған кескіндерімен баланың бар назарын өзіне аударады.

Ана тілімізде отандық авторлардың кітаптарымен қатар, шетелдің үздік туындылары да жарық көруде. Балалар жазушыларының таңдаулы туындылары, сапалы аудармалар баланың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Әсіресе, ана тілінде өзінің ойын еркін жеткізіп,  ойлануға мүмкіндік береді.

Кітап оқу қоршаған ортаны, айналадағы дүниені және өзін тануға көмектеседі. Кітап оқу жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адамның жады мықты болып, тез ойлап, тез қорыта алады. Кітап оқу талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді. Көптеген табыс пен жетістіктің ең басты кілті – кітап, кітаптан алған білім екені даусыз. Кітап оқу адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Кітап оқу сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.  Кітап оқу сондай-ақ, адам бойында бұғып жатқан шығармашылық қабілеттерді дамытады.

Кітапханамыздың балалар бөлімі заманауи талаптарға сай жабдықталған, онда жас оқырмандарымызға барлық жағдай қарастырылған. Кітапхана қызметкерлері де кітап оқуға ниеті бар балғындарымызды күліп қарсы алып, олардың тілін тауып, бар жақсысын ұсынуға дайын. Олай болса, кітапханаға асығыңыздар. Жазғы демалысты кітап оқып, көңілді әрі пайдалы өткізейік!

Гүлжанар БОДАУБАЙ,
Краснояр үлгілі кітапханасының меңгерушісі.

 Көкшетау қаласы.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар