«Е-Апостиль» электрондық қызметі  

2021 жылдың қаңтарынан бастап «Әділет органдары мен өзге де мемлекеттік органдардан, азаматтық хал актілерін  және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ, нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.

Көрсетілетін қызметті  алушылар  электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық өтінішті береді және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «электрондық үкіметтің» веб-порталы (әрі қарай – ЭҮП) арқылы көрсетіледі, яғни, PDF файлында сканерленген құжаттары қоса берілген электрондық өтініш және мемлекеттік баж Е-Апостиль сервистік бағдарламалық өнім жүйесінде тіркеледі. Келіп түскен құжаттарды қабылдау, өңдеу және тексеру, сондай-ақ, дайын құжаттарды беру уәкілетті органның қызметкерімен онлайн режимінде жүзеге асырылады, содан кейін  нәтижелері өтініш берушінің «Жеке кабинетіне» ЭҮП жіберіледі.

Апостиль дегеніміз не? Мөртабан апостилін қою не үшін қажет?

Апостиль – бұл құжатқа қол қойған адамның қолының түпнұсқаулығын және оның өкілеттігін растауды, сондай-ақ, құжат бекітілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқаулығын куәландыратын арнайы мөртабан.

Апостиль уағдаласушы мемлекеттердің бірінің аумағында жасалған және екінші уағдаласушы мемлекеттің аумағында ұсынылуы тиіс ресми құжаттарға қойылады.

Казақстан Республикасының Әділет органдары мен өзге де мемлекеттік органдардан, азаматтық хал актілерін  және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ, нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою мөртабан апостилін қоюмен облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының Әділет департаменттері қызмет беруші  болып табылады.

Бүгінгі күні апостиль қою рәсіміне өтінішті екі жолмен беруге болады: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (әрі қарай ХҚКО),  ЭҮП арқылы.

Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әрбір апостиль қойылған құжат үшін айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Бүгінгі таңда мемлекеттік баждың сомасы 1966 теңгені құрайды. Қызмет көрсету мерзімі ЭҮП-те бір жұмыс күнінде, ХҚКО арқылы екі жұмыс күнінде орындалады.

   Диана ЖАХИНА,
Ақмола облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу
және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар