Білім ордаларында
Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласы ең озық, прогрессивті және болашағы зор сала. Өйткені, ол ХХІ ғасырдағы ақпараттық қоғам экономикасының негіздерін анықтайды.
Еліміз цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізуде айтарлықтай серпіліс жасады, бұл электрондық мемлекеттік қызметтердің дамуында көрініс тапты. Қазақстан әлемде бұл жағынан 24-інші орында және ол онлайн қызметтер индексі бойынша үздік 10 елдің қатарына кіретін электрондық үкіметті дамытудың жоғары рейтингімен дәлелденді. Осыған байланысты, IT саласында білім алу болашақта білім беру инвестициясының маңызды бағыты болып табылады.
«Astana IT University» ағылшын тілді университеті IT саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын жоғары оқу орны болып табылады. Астана IT университеті тұрақты академиялық дәстүрлері мен жоғары әлеуметтік жауапкершілігі бар. Біздің университет Қазақстандағы инновациялық IT білім беруде көшбасшы болуға ұмтылады.
«Astana IT University» миссиясы – ақпараттық технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлау. Ашылғанына көп уақыт бола қоймасада, 2025 жылы өзінің бес жылдығын атап өтеді және университет кейбір нәтижелерді сенімді түрде қорытындылай алады.
Университет құрылғаннан бері студенттер саны 600-ден 6000-ға дейін өсті. Бұл жоғары оқу орны колледж, бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде ақпараттық технологиялар бойынша үздіксіз білім береді. Колледжді бітіргеннен кейін мемлекеттік диплом беріледі, соның негізінде түлектер өз мамандықтары бойынша жоғары оқу орнында немесе шетелде білімін жалғастыра алады.
Бакалавриат деңгейінде студенттер келесі мамандықтар бойынша диплом ала алады: «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар», «Электротехника және автоматтандыру», «Менеджмент және әкімшілік», «Журналистика және репортер ісі».
Университеттің артықшылығы – ағылшын тілінде 3 жылдық оқу бұл мамандықты тез әрі сапалы меңгеруге мүмкіндік береді. Магистратурада оқу жоғары білікті мамандарды, инженер-бағдарламашыларды, сондай-ақ, экономиканың әртүрлі салаларында бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттық жүйелердің менеджерлері мен әкімшілерін даярлайды. Ал, докторантура ғылыми-зерттеу жұмысындағы құзыреттерді дамытуға, ғылыми мәселелер мен оларды шешу әдістерін анықтауға, бұдан да үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.
«Астана ІТ университеті» сапалы білім алу үшін не қажеттің бәрімен жабдықталған. Университетте білімге бай кітапхана, зертханалар және стартаптарды дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар. Университеттің мансап және жұмыспен қамту орталығы түлектердің жұмысқа орналасуына жағдай жасайды. Әскери кафедра мен жайлы студенттер үйінің бар болуы да маңызды.
Университетте белсенді студенттік орта қалыптасқан, студенттердің бастамасымен студенттік өзін-өзі басқару үкіметі ұйымдастырылды, 30-дан астам студенттік қызығушылық клубы бар. Көптеген студенттер академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін пайдаланады, шетел университеттерінде білім алады, ол студенттердің білім көкжиегі мен халықаралық тәжірибесін кеңейтеді.
Осы университеттің профессоры ретінде, университеттің мықты профессорлық-оқытушылық құрамын атап өткім келеді. Сонымен қатар, біздің көптеген студенттеріміз Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері, медаль иегерлері екенін жас шығармашыл жастар еліміздің интеллектуалдық әлеуетін құрайтынын әрі Қазақстанның цифрлық, технологиялық болашағы оларға тәуелді екенін атап өткім келеді.
Гүлмира ШЕРИЯЗДАНОВА,
«Astana IT University» жалпы білім беру пәндері департаментінің профессоры,
саясаттану ғылымдарының кандидаты.
![]()

