«Ақ жол» – жол қозғалысы қауіпсіздігінің күні

Заң мен тәртіп

 Ақмола облысының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Қауіпсіз жол» акциясын өткізді. Акция «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің мүшелері, полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Акция барысында балаларға арнайы көліктер көрсетіліп, қала бойынша саяхат жасалды, қызметкерлер көліктерді тоқтату барысында, жол қозғалысының қатысушыларымен әңгіме жүргізілді.

Медицина қызметкерлері жүргізушілердің денсаулық жағдайын тексеріп, медициналық көмек көрсетті.

Такси жүргізушілері заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін жауапкершілікке тартылып, ӘҚБтК-нің 463-бабының талаптарын сақтау бойынша мәселелер қаралды. Акцияның өн бойы ақпараттық парақшалар таратылып, заңнамалық нормалар түсіндірілді.

Сондай-ақ, облыс прокуратурасы «Салауатты өмір салты» тақырыбына арналған флэшмоб ұйымдастырды. Флешмоб жастарды есірткіге төзбеушілікке баулуға, жаман әдеттердің алдын алуға, спорттық дағдыларды дамытып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Іс-шараға облыстың жоғары оқу орындарының 100-ден астам студенті қатысты.

Ақмола облысы прокуратурасының материалы бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар