Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарында гендерлік саясат сәтті іске асырылуда.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2025 жылдың І жартыжылдығындағы қызметін қорытындылады.
Бұл ретте, қызметшілердің 1860 немесе 65,5 пайызын әйелдер құрайды. Жалпы, облыстың мемлекеттік қызметінің басшылық лауазымдарында 426 әйел жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш жалпы басшы құрамның 44,8 пайызына тең.
Басшылық лауазымдардағы әйелдердің құрамы келесі көрсеткіштермен сипатталады: облыс әкімінің орынбасарлары – 0,2 пайыз; қалалардың, аудандардың әкімдері және олардың орынбасарлары – 2,4 пайыз; аппарат басшылары және олардың орынбасарлары – 3,5 пайыз; облыстық басқармалардың басшылары және олардың орынбасарлары – 3,3 пайыз; құрылымдық бөлімшелердің басшылары – 37 пайыз; ауылдық округтердің әкімдері және олардың орынбасарлары – 10,5 пайыз; дербес бөлімдердің басшылары және олардың орынбасарлары – 23,6 пайыз; сектор меңгерушілері – 19,5 пайыз.
2025 жылдың І жартыжылдығында конкурстық және конкурстан тыс іріктеу қорытындылары бойынша, ауысу арқылы, сондай-ақ, сайлау қорытындылары бойынша және басқа да себептер бойынша 437 қызметші тағайындалды, олардың 245 немесе 56 пайызы әйелдер.
![]()

